«Оқу үшін бағалау»
неліктен оқыту
мен оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды
мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы
орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көпте-
ген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары баға-
лауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қара-
стырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы
мүмкін деген ойды қабылдау үшін біздің түсінігімізді едәуір
3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі
85
өзгерту қажет болады.
Оқу үшін бағалау
– оқушылар белгілі бір уақыттың ішінде
өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалім-
дермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамда-
рын айқындайтын үдеріс. Ал
оқыту үшін бағалау
- бұл
оқушылардың оқудың қай сатысында тұрғандығын, қай
бағытта білімдерін жетілдіру керек екендігін, қажетті дең-
гейге қалай жету керек екенін анықтайтын үдеріс.
«Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы
мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге
қатысты қолданылады (Flavell, 1976). Метатануға таным-
дық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе танымдық
үдерістерді қарастыру үшін танымдық үдерістерді қолда-
ну, соның ішінде қатесін танып-білу және ойлауды бақылау
деген анықтама беруге болады. Флейвелл (1976) өткізген
алғашқы кең көлемді метатану зерттеуінде ерте жастағы
балаларға еске сақтауға арналған тапсырмалар берілді. Бе-
стен жеті жасқа дейінгі оқушыларға зерттеуші белгілі рет-
пен бірқатар заттарды көрсетті. Он бес секундтан кейін бала-
лардан осы реттілікті бұзбай еске түсіру сұралды. Ересектеу
балалар бір нәрсені есте сақтау қажет болса, ол үшін күш
салу керек екендігін түсінді. Олар қайталау тәсілін пайда-
ланып, кезектілік ретін еске сақтады. Ал неғұрлым кішірек
балалар бұл тәсілді пайдаланбағандықтан, еске сақтай ал-
мады. Қайталау қажеттігі туралы кеңес алғаннан кейін ғана
олар тапсырманы дұрыс орындап шықты. Кеңес берілме-
ген жағдайда оқушылар білім алу уақытын өнімсіз (тиім-
сіз) пайдаланды. Флейвелл мұндай қабілеті жетіп тұрса да,
|