Критериалды бағалау
- оқу жылы барысында оқудың іл-
герілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың
екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиын-
тық бағалау. Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта
білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсім-
дерінен тұрады. Бағалау тәсілдері критериалды бағалау-
дың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау
оқу үдерісінің ажырамас бір
бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тара-
пынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы баға-
лауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы
арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қа-
лыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қате-
лесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың
мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге
қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзету-
ге мүмкіндік береді.
|