3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі 89
Ашықтық және
нақтылық
Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сон-
дай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қы-
зығушылығын, жауапкершілігін арттырады. Аталған
қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті,
нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пай-
далы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау
үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш
күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісі-
не қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге
қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және
оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.
Үздіксіздік
Бағалау-білім алушылардың оқу жетістігінің ілгеріле-
уін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүм-
кіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Баға-
лау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы
өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім
беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл
қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық баға-
лаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтама-
сыз етіледі.
Дамытуға
бағыттылық
Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мек-
тептің, білім беру саласының даму бағытын анықтай-
ды және ынталандырады. Бағалау білім алушылар-
дың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы
ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негіз-
делген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қа-
дамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүм-
кіндік береді.
Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге,
мәселен, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түр-
леріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе
критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе мін-
деттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі қа-
дағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша
жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара
әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және
өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның