1838
жылы Қиыл және Ақбұлақ өзендерiнiң бо йында көтерiлiсшi-
лер мен жазалаушылар арасында шешушi шайқас өттi. Осы шайқаста
көтерiлiстiң басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты.
Кө терiлiсшiлердiң қалған тобы кейiн шегiнiп, дала
қойнауына сiңiп кеттi. Жазалаушы әскер олардың соңынан
қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерiлiсшiлерден 80-ге
жуық адам қаза тапты.
6. Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауының себептерi мен салдары.
Исатай
Тайманұлының қазасынан кейiн көтерiлiс бәсең тарта бас тады. Жекелеген
жасақтар Төменгi Жайық шегара шебiне таяу жерлерде, Ойыл өзенiнiң
бойында ғана iс-қимыл көрсетiп жүрдi.
Махамбет Өтемiсұлы бiраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге
мәжбүр болды. Көтерiлiс басып-жаншылғаннан кейiн оған қатыс қандарды
қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлiмшi етiп дүре соғылды.
Көтерiлiсшiлердiң бiрқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкi тәркiлендi.
Көтерiлiске неғұрлым белсене қатысқандар Сi бiр ге
бiржолата жер аударылды.
Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауының негiзгi се-
беп терi: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият
ұйым дастырылмады, оның айқын бағдарламасы
болмады, көтерiлiс жергiлiктi шашыраң қы сипат
алды. Көтерiлiстiң басшылары Кенесары Қасымұлы
Көтерілістің
нәтижесі жайлы өз
пікіріңді айт.
картамен жұмыс
86-беттегі картадан
негізгі шайқас өткен
жерді көрсетіңдер.
|