4. Тастөбе түбiндегi шайқас. Шиеленiстiң қан майданда шешi летiн
уақыты таяп келдi.
1837 жылдың 15 қарашасында
Тастөбе деген жер-
де көтерiлiсшiлер мен жазалаушы отрядтар арасында кескiлескен қан ды
шайқас болды. Көк сүңгiнi шебер пайдалана бiлудiң, жа рам ды жақсы ат-
тарды таңдап мiнудiң, шайқас өткен жер жағдай ымен бес саусақтай жақсы
таныс болуының нәтижесiнде көтерi лiс шiлер ұрыстың алғашқы жарты-
сында басымдық танытып, едәуiр жеңiске жеттi. Алайда көтерiлiсшiлердi
жазалаушылар зең бiрекпен толассыз атқылай бастады. Көтерiлiсшiлер
бұған шыдай алмай, кейiн шегiнуге мәжбүр болды. Олардың соңынан
бiрнеше шақырымға де йiн қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты.
Қуғын кезiнде көте рiлiсшiлердiң бiраз малы жау қолында қалды.
Тастөбе түбiндегi жеңiлiстен кейiн көтерiлiсшiлер шағын топ тар ға
бөлiнiп, Iшкi Орда аумағына тарап кеттi. Көтерiлiсшiлердiң кү шi әлсi реп,
рухы төмен түстi. Жазалаушы әскер бар лық күш тi көтерiлiстiң басшысын
қолға түсiруге жұмсап бақты. Иса тай дың басына 500 сом күмiс ақша, оны
қолға түсiргенге 1000 сом тiгiлдi.
1837 жылдың желтоқсанында көтерiлiсшiлер Жайық өзе нiн кесiп
өттi. Сарайшық бекiнiсiнен сұлтан Баймағамбет Айшу ақұлы 80 казак
және өзiнiң адамдарымен көтерiлiсшiлердiң соңына түстi. Қуғын кезiнде
Көтерілістің бары-
сына жыл мезгілінің
әсер етуі мүмкін бе?
анықта! Неліктен көтеріліс-
шілер Жәңгір хан-
нан Балқы және
Қарауылқожа
билер ді өз төңірегі-
нен қуып жіберуді
талап етті?
85
бiрнеше көтерiлiсшi тұтқынға алынды. Сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы
қанша әрекет жасаса да көтерiлiс басшысын қолына түсiре алмады.
Көтеріліс Кіші жүздің негізгі аумағын түгелдей дерлік қамтыды.