Эссен Петр Кириллович (1772–1844) – Орынбордың әскери губернаторы (1817–
1829).
«Сiбiр әкiмшiлiгi орталықтың берген өкiмi бойынша қазақ да ла сына агент-
тер (өкiлдер. – авт.) жiбердi. Олар «жаңа құ рылымды қа был даудың»
пайдалы екенiне қазақтардың көзiн жет кi зiп, кәмiл сенуiн қам тамасыз етуге
тиiстi едi. Округтердi ашуға Қытай үкi метiнiң наразылығы көп кедергi келтiрдi.
Содан кейiн көп ұзамай-ақ қытайлықтар жоңғарларды тал қан дады. Қытай
боғдыханы Цзянь Лунь қазақтардың жоңғарлар жерiне ор на ласуына рұқсат
еткен грамотаға қол қойып, бекiтiп бердi. Бiрақ ол үшiн қазақ тар дың Қытай
үкiметiне жасақ (салық) төлеп тұруы тиiс екенi ескер тiлдi, қазақтардың Пе-
кинге депутация (елшiлер тобын. – авт.) жiберуiне рұқсат етiлдi...
Жаңа округтердiң ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара ала-
уыз болуы әсер етті. Олардың өзара дүрдараздығын Сiбiр әкiм шi лiгi жалма-
жан пайдалана қойды – округтер құруды қолда ған дар ға жәр демiн аямады.
Өздерiнiң даулы болып жүрген мал жайылым дарын сақтап қалуды, тiп тi
жаңа жерлер қосып алуды көксеген қазақтардың ын та-ықыласының күш-
тiлiгi оларды жаңа округтердiң ашылуына ке лiсiм беруге итермелеген ең
басты себеп қана болып қойған жоқ, округтердiң ашылуына өтiнiш жасау ға
да түрт кi болды. Орыс империясының қол астына өтудi қазақтардың қабыл
алу ына олардың арасындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар әр түр лi
болыстардағы сұлтандар арасындағы билiк үшiн жанталасқан алауыз дықтар
да ықпал еттi».
Коншин Н . Павлодардан Қарқаралыға дейiн//Қазақ этнографиясы бо йынша
жазылған еңбектер. Павлодар, 2005, 89–92-беттер.
Жаңа округтер ашылуының себептерi неде болды?