Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 1822–1824 жылдардағы жарғыларды енгi-



Pdf көрінісі
бет94/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

10. 1822–1824 жылдардағы жарғыларды енгi-
зудiң салдары.
 Бұл жарғылар, негiзiнен алғанда, 
алысты көздейтiн арам ниеттi пи ғыл мен жасалған 
картамен жұмыс
Қазақстанның қай 
аймағы реформа-
лық өзгеріске ұшы-
рамады? Неліктен 
деп ойлайсың?
анықта!
Неліктен Ресей 
билігі Шерғазы 
хан  ға өмірінің 
соңы на дейін 
жал ақы төлеуге 
міндеттенді?


77
Қазақстанның 1822–1824 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiк бөлiнiсi 
Алакөл к.


78
едi.  Соның  салдарынан  Кiшi  жүз  бен  Орта  жүз  қа-
зақта ры өздерiнiң тәуелсіздiгiнен айырылып қалды. 
Қазақстан  бiрте-бiрте Ресей империясының отарына 
айналды.  Жарғы  жаңалықтары  көшi-қон  шеңберiн 
тарылтты,  еркiн  көшу  бостандығы  мүм кiн  болмай 
қалды. Бұрыннан қалыптасқан рулық ұжымдар бiр-
бiрi мен  мидай  араласып  кеттi.  Бiр  кездегi  дамыған 
көшпелi  малшаруашылығы  тұйыққа  тiрелiп,  жағдай  күрт  құлдырай 
бастады.
Патша  үкiметi  мемлекеттiк  салықтың  қатаң  белгiленген  мөлше рiн 
бекiттi. Елден жиналатын алым-салық шенеунiктiк аппарат пен әс кери 
күштердi ұстауға қажеттi қаржы көзiне айналды. Патша үкi ме тiнiң бұл ре-
формалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан iрiк телген, айтқанды екi 
етпей орындайтын  «тәртiптi аппарат» құруды  одан әрi күшейте түстi. Олар 
бiрте-бiрте орыс шенеунiктерiне те ңес тiрiлдi. Ендiгi жерде олар сыйақы 
мен шен алу үшiн қызмет етуге  көштi. Оларды қызметке тағайындау да, 
қызметiнен алып тастау да Ресейдiң аймақтық басшылығының көзқарасы 
мен көңiл күйiне тi ке лей байланысты болды.
Болыс  сайлауы  орыс  ше неунiктерiнiң  ықыласын  сатып  алу  сияқты 
жиiркенiштi құбылыстардың етек алуына әкеліп соқты. Сайлаудың мұндай 
сиқы бiр ру ды екiншi руға қарсы қойып, өзара өшiктiрдi. Әркiм өз руының 
адамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қарапайым 
бұқара  өкiлдерiнiң  де  қатысуына  рұқсат  етiлген  кезде  сұлтандар  мен 
рубасыларының бiр-бiрiне қарсылығы күшейе түстi.
Округтiк  приказдар  империяның  Қазақстан  аумағындағы  және 
Орта  Азия  иелiктерiндегi  әскери-отаршылдық  әрекеттерiн  одан  әрi 
өршi тудiң  әзiрлiк  алаңдарына  айналды.  Сұлтандардың  бiр  бөлiгi  әсi-
ресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезiнде ескерусiз қалған бөлiгi, 
пат ша үкiметiнiң реформаларына қарсы шықты. Ондай на ра зы лықтар-
дың  бiрқатары  қарулы  көтерiлiске  ұласты.  Дегенмен  ХIХ  ға сырдың 
20-жылдарындағы реформалардың отаршылдық 
си па ты мен мәнi күштi болғанына қарамай, олар 
қазақ  даласында  сауда-саттық ты,  денсаулық 
сақтау  iсiн  және  халыққа  бiлiм  берудi  едә уiр 
дамыту ға оң ықпалын тигiздi. Қазақтар әскери 
мiндет кер лiктен заңды тұрғыда босатылды. Ре-
сей  тұрғындарына  қазақ  даласына  өз  еркiмен 
қоныстануға тыйым салынды. Бұл Қазақстанға 
орыс ша руа ларын жаппай қоныстандыру бары-
сын тежедi.
жұптық жұмыс
Реформаның 
мәнін тізбектеп 
шығыңдар.
ойлан!
Қамал-бекіністер 
салу неліктен қазақ 
халқының әлеуметтік-
экономикалық 
жағдайын күйзеліске 
жеткізді?


79


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет