6. ресейдiң Орта Азия мемлекеттерi аумағында соғыс қимылда рын одан әрi жалғастыруы. ХIХ ғасырдың 60-жылдарының екiн шi жарты-
сынан бастап орыс әскерлерiнiң соғыс қимылдары то лы ғымен Орта Азия
мемлекеттерiнiң –
Хиуа, Қоқан және
Бұхар хан дықтарының аумағына
ауысты. Қатарынан бiрнеше рет есең гi рей соқ қы алып, же ңiлiске
ұшырағаннан кейiн Қоқан хандығы біржолата жойылды. 1866 жылдың
көктемiнде орыс әс керлерi Бұхар хандығының едәуiр бөлiгiн басып алды.
Ол аумақтар Түркiстан генерал-губернаторлығы ның құрамына енгiзiлдi.
Бұхар хандығының солтүстiк жағында тұратын қазақтар өзбектермен бiрге
Ре сей мемлекетiнiң бодандығын қа был дады.
1873 жылы Ресей әскери
экспедициялық корпусы Хиуа хандығының астанасын да басып алды.
1865 жылы Ресей әскери министрiнiң бұйрығымен Түр кiстан аймағы
құрылды. Ол Орынбор генерал-губернаторына бағындырылды.