Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 ұлы жүз қазақтарының бiр бөлiгi ресей қол



Pdf көрінісі
бет129/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

2. ұлы жүз қазақтарының бiр бөлiгi ресей қол 
астына  өтуінің  себептерi.
  ХIХ  ғасырдың  20-жыл-
дарының бас кезiнде Ұлы жүз дiң аумағында бiртұтас 
хан билiгi қалмады. Сырдария өңiрiнiң қа зақтары 
ықпалды  хан 
Арынғазыға
  үлкен  үмiт  артқан  едi. 
Бiрақ оны Петербургке бара жатқан жолда патша 
үкiметiнiң әкiмшiлiгi ұс тап алып, Калуга қаласына 
жер  аударып  жiбердi.  Өйткенi  Ресей  он дай  беделдi  де  ықпалды  қазақ 
хандығының болуын қаламады. Оның үстiне, бұл кезде Ресей Кiшi жүз 
бен Орта жүздегi хан билiгiн жоюға қызу әзiрленiп жатыр едi. 
Мiне, осындай жағдайда Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан қазақта рының 
бiр бөлiгi Ресейдiң қол астына өте бастады. Жергiлiктi қазақ хал қына Орта 
Азия мемлекеттерi, соның iшiнде әсiресе Қоқан мен Хиуа хандықтары жиi-
жиi шабуыл жасады. Бұл аймақтардағы қазақтар Ресеймен баж салығын 
төлемей-ақ сауда жасауға қатты қызықты. Бұл аймақ елге ықпалы ша-
малы бiрнеше сұлтанның би лi гiне бө лiнген едi. Елдiң басын бiрiктiретiн, 
iшкi алауыздық пен айтыс-тар тысты тыятын сыртқы агрессияға қарсы 
тұра алатын мықты күш елде болған жоқ. Патша үкiметiнiң қазақ өлкесiн 
бiрте-бiрте отарлай   түсу iне өте қолайлы жағдай қалыптасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет