Жасауыл – патша армиясындағы казак офицерлерiнiң шенi.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774–1860) – Кiшi жүздiң әлiм тайпасы шектi
руынан шыққан белгiлi батыр әрi би. Қазақтардың патша үкiметiне, Хиуа мен
Қоқан хандық тарына қарсы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.
Есет Көтiбарұлы (1807–1888) – Кiшi жүздiң белгiлi батыры. Хиуа, Қо қан
хандықтары на және Ресей империясына қарсы бағытталған көтерiлiстердiң
жетекшiсi.
«Кенесары Қасымов қайтыс болғаннан бері сұлтандар хан билiгiн қай-
тадан қалпына келтiруге тырысқан әрекеттерiн қойды және олардың
халыққа ықпалы да қалмай бара жатыр. Бiрақ бұрын ғы дай бостандық
жөнiндегi мәселе әлi ұмыт болған жоқ. Бұрынғы сұл тандардың орнын соңғы
кезде қырғыз (қазақ. – авт.) батырлары басып, олардың iсiн жал ғастыруда.
Бiздiң бұл еңбегiмiзде сондай екi батырдың – Жанқожа Нұр мұхамедұлы мен