Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет123/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

4.  Көтерiлiстiң  жеңiлуi.
  Көтерiлiстiң  негiзгi  күштерi  жеңiлгеннен 
кейiн  Жанқожа  батыр  Хиуа  ханына  өтiнiш  жасап,  хандықта  тұратын  
қазақтардан, қарақалпақтардан және түрiкмендерден әскери жасақ құрап 
берудi  сұрады.  Ондағы  ойы  Қазалы  қамалына  қайтадан  ша бу  ыл    жасау 
Бұл маңызды!
1856
 
жылдың Желтоқсан 
айында Сыр бойы қазақта-
рының Ре сей ге қарсы қару-
лы көтерiлiсi басталды. 
Көтерiлiске шыққандардың 
жал пы саны 3 мың адамға 
дейiн жеттi. Көтерiлiстiң 
орталығы бұрын ғы хан ор-
дасы  орналасқан Жаңақала 
болды.
Жанқожа Нұрмұхамед-
ұлының батырға лайықты 
істеріне баға беріңдер.


103
едi. Бiрақ Хиуа ханы оның өтiнiшiн қабыл алмады, Жан қо жа  батырдың 
күшейiп кетуiнен қорықты.
Патша  үкiметiнiң  әскери  әкiмшiлiгi  Жанқожа  Нұрмұ ха медұлының 
көзiн  жою  үшiн  арнаулы  жазалаушы  әскер  жiбердi. 
1860 
жылы  жаза-
лаушы әскер Қызылқұмның iшiндегi Жанқара көлiнiң басында  отырған 
Жанқожа  батырдың  ауылын  қоршауға  алды.  Қанды  шай қас тың  бары-
сында Жанқожа батыр  жа залаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың 
өмiрден өтер кездегi соңғы сәтiн Л. Мей ер бы лай деп суреттейдi: 
«Қарт 
батыр оқ өтпейтiн  сауытын киiп, қару-жарағын асынып, үйiнен шығып 
үлгердi. Бiрақ аты жоқ екен. Ажалымның жет кен жерi осы екен деп, ол бiр 
төмпешiктiң үс тiне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзi үйiрiп, 
дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейiн оның сауытынан өтпей, 
тайқып ұшып, керi түсiп жатты. Ақырында бiр оқ оның мойнына дәл 
тиiп, қарт батырдың өмiрiн қиып кеттi».
Жазалаушы отряд көтерiлiсшiлердiң ауылдарын  
ойран  сала  шауып,  аяусыз  тонады,  үйлердi  өртеп, 
малдың  бә рiн  айдап  әкеттi.  Көтерiлiске  белсене 
қатысқандар жазалау шара лары ке  зiнде қаза тапты. 
Мал-мүлкi түгел тоналған шектiлер ашар шылық қа 
ұшырады. Олардың бiр бөлiгi Хиуа хандығы жағына 
өтiп кеттi, ен дi бiр бөлiгi әскери бекiнiстерге қайта 
оралып, аштан қырылып қалмаудың қамын жасады. 
Жанқожа батырды оның парасаттылы ғы  мен ержүрек батырлығы үшiн 
орыс әскерилерiнiң өздерi де қатты  сыйлайтын. Сыр бойының қазақтары 
оны қасиеттi адам деп санайтын. Халықтың сүйiктi ұлы болған оны зор 
құрметпен жерледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет