3. Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
Хиуалықтарға және қоқандықтарға қарсы кү-
рес те Жанқожа батыр ресейлiктермен уақыт-
ша одақ құруға мәжбүр болған едi. Жанқожа
батырдың Хиуаға қарсы күресiн пай даланып
қалуға тырысқан патша үкiметi оны өз жа-
ғына тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен
оған Шегара комис сиясының есе бiнен жыл
сайын 200 сом мөлшерiнде жалақы төлеп
тұру белгiлендi. Оған Қарақұм мен Сырдария жағасындағы Борсыққұм
қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет те ұсынылды. Ресей
жоғарғы өкiмет билi гiнiң атынан батырға
жасауыл деген атақ та бе рiлдi.
Бiрақ Жанқожа батыр патша үкiметi ұсынған барлық атақ, жа лақы,
қымбат бағалы сыйлықтардан да бiржолата үзiлдi-кесiлдi бас тартты.
Патша үкiметi Жанқожа батырды Кiшi жүздiң билеушi-сұл тандарына
бағынышты етуге де тырысып көрдi. Бұл құйтұрқы әре кеттер батырдың
патша үкi метiнен iргенi аулақ салуына себеп болды.
Көтерiлiсшiлер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекiнiсiне таяу жер-
лерге орналастырылды.
1856 жылы Қазалы қамалы қоршауға алынды.
Жергiлiктi тұрғындар барлық бәленiң басы осы қа мал да жатыр деп ой-
лайтын. Бұларға қарсы Фитингофтың отряды шабуылға шықты. 300 ка-
зак, 320 жаяу солдаттан құралған жазалаушылар отряды зеңбiректермен
қаруланған болатын.
Жазалаушы әскер мен көтерiлiсшiлер арасындағы шешушi шайқас
1857 жылы
Арықбалық шатқалында өттi. Көтерi лiс шiлердi жiгерлендi-
ру үшiн олардың алдында желбiрете ақ ту ұстаған
Жан қожа батыр келе жатты. Бiрақ батырдың на-
шар қаруланған жасағы от шашқан зеңбiректiң
снарядына және мылтықтың қалың оғына төтеп
бере алмады. Көтерiлiсшiлер қосыны басып алынды,
мал-мүлкi талан-таражға түстi. 20 мың бастан астам малы айдап әке-
тiлдi. Көтерi лiсшiлердiң бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай ше гiнiп
кеттi, одан әрi Бұхара мен Хиуа асуға мәжбүр болды.