106
§29–30.
Бүгінгі сабағымызда оңтүстік аймақтардың Ресей империясына қосылуының
ерекшеліктерін анықтаймыз.
Есет Көтiбарұлын атап айтудың маңызы зор. Бұл екi батыр да Арал теңiзiнiң
төңiрегiндегi орасан зор кеңiстiкте көшiп-қонып жүретiн үлкен ру – шектiден
шыққан... Жан қожа мен Есеттiң екеуi де қарапайым қыр ғыздардың (қазақ-
тардың. – авт.) қалың бұқарасының арасынан ерекше көзге түскен тұлғалар.
Екеуi ақыл-ойға, дене күшiне бай, ат құ лағында ойнайтын шебер шабандоздар,
оның үстiне, Жанқожа қара қыл ды қақ жарған әдiл би ретiнде де кеңiнен
танымал. Бұл екi батыр Кенесары Қасымов қайтыс болып, тарих сахнасынан
кете салысымен-ақ шектi руын өздерiнiң қалаулары бойынша басқара бастады.
Олар ешқандай да сырт қы билiкке бағынбағанымен қоймай, өздерiнiң ықпалын
көршi рулар ға да күшейтуге, кеңiнен таратуға тырысуда».
Добромыслов А. И
. Торғай облысы. Тарихи очерк // Императорлық Орыс
геогра фиялық қоғамының Орынбор бөлiмшесiнiң хабаршысы. Тверь, 1902,
№17, 405-бет.
1. Кенесары Қасымұлы қаза тапқаннан кейiн көтерiлiске шыққан қазақ-
тарды кiмдер басқарды? 2. Халық батырлары Жанқожа мен Есеттiң қандай
қасиеттерi бар едi?
ХIХ ғасырдың 50–60-жылдарында Орынбор мен Омбы тарапынан пат-
ша үкiметi әскери күштерiнiң iлгерi жылжуы басталды. Сырдарияның
бойында әскери шегара шебi құрылды. Жетiсу жерiне казак әскер лерi
орналасты. Орта Азиядағы мемлекеттердi – Хиуа, Қоқан және Бұхар
хандықтарын бағындырудың сәтi түстi.
Достарыңызбен бөлісу: