Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Қазынагерлiк жүйе және мiндеттi атқарылатын борыштар



Pdf көрінісі
бет143/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

4. Қазынагерлiк жүйе және мiндеттi атқарылатын борыштар.
 Осы 
кез ден бастап Қазақстанның бүкiл аумағында бiртұтас салық – 
«тү тiн 
салығы»
 енгiзiлдi. Ол жыл сайын бiр рет әрi үй басы-
нан ақ  ша лай алынып тұрды. Орынбор және Батыс 
Сiбiр генерал-гу   бернаторлығындағы қазақтар 3 сом-
 
нан,  ал  Түркiстан  генерал-гу бернаторлығындағы 
қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келдi. Мал са нағы 
3 жылда бiр рет өткiзiлдi.
Жергілікті  халық  бiрқатар  борыштар  атқаруға, 
атап  айтқанда,  олар  көпiрлер  мен  жолдарды  тегiн 
жөндеп тұруға мiн деттi болды. Дала тұрғындары осы кезден бастап науқас 
адам дар   жататын  және  iссапарға  келген  шенеунiктер  тоқтайтын  киiз 
үй лер  бө лiп  тұруға  мiндеттелiндi.  Қазақтарға  оларды  отын-сумен  және 
ше неунiктердi  жолға  мiнетiн  ат-көлiкпен  қамтамасыз  ету  де  жүктелдi. 
Қазақтар  мiндеттi  әскери  борыш  өтеуден  босатылды.  Басқа  сословиеге 
өтетiндерге бес жылға дейiн мемлекеттiк мiндеткерлiктерден босатуға уәде 
берiлдi. Мұнымен патша үкiметi көшпелiлердi ша ру аларға айналдыруды 
көздедi. Бiрақ бұл ойлары жүзеге аспады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет