Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет145/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

6.  Жердi  пайдалану  мәселелерi.
  Қазақтардың 
қоныстанған  жер лерi  мемлекет  меншiгi  саналды. 
Ол жерлер қазақтарға қоғамдық пай далану құқығы 
негiзiнде  ғана  берiлдi.  Жаңа  реформа  бойынша  ор-
мандар да мемлекет меншiгi деп жарияланды. 
Қазақтарға жерлерiн Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен 
қоныс ауда рып келген орыс шаруаларына белгiлi бiр 
мөлшерде жалға бе руiне рұқ сат етiлдi. Ал мұның өзi 
олардың ежелден келе жатқан  атамеке нi  нен айыры-
лып, өздерiнiң жерсiз қалуына жеткізді.
Қоныс аударып келген орыс шаруалары бiрқатар 
елеулi  же ңiл дiк тердi  пайдаланды.  Мәселен,  олардың  әрқайсысы  уездiк 
билiк орындарынан үй салып алу үшiн жер телiмiн, сондай-ақ құрылыстық 
ағаш  материалдарын  тегiн  алды.  Олардың  сауда-саттықпен,  қолөнер 
кәсiбiмен, өнеркәсiптiк қызметпен және егiншiлiкпен емiн-ер кiн айналысу 
құқығы болды.
Орта жүздiң ауыл старшындары мен би-болыстары. Омбы, 1891 жыл
ойлан!
Балалар арасын-
дағы өлімнің көп 
болуы тек дәрігер-
дің жетіспеушілігі-
нен болды ма?
Болжам жаса
Көшпелілерді 
отырықшы шаруаға 
айналдырудың 
нәтижесіздігі немен 
байланысты еді?


121


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет