Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет174/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

 
Акция
  –  құнды  қағаз.  Ол  кәсiпорынға  акционердiң  белгiлi  мөлшерде  үлес-
жарнасының қосылғанын куәландырады және оған меншiктi иеленуге, түскен 
табысты бөлiсуге құқық бередi.
дискриминация
 – адамды кемсiту, оның құқығын шектеу, әлеуметтiк  қорлау.
Табыс  табу 
–  село  тұрғындарының  күнкөрiс  үшiн  табыс   табу  мақсатымен 
маусымдық уақытша жұмыс iздеп қалаға не басқа жаққа кетуi.
Маркшей де
р – тау кендеріне геодезиялық зерттеулер жүргізетін маман.
Қосым Пiшенбаев
 (1844–1932) – Ертiс бойындағы және Орталық Қа зақстандағы 
көп теген  кен  орындарын  бiрiншi  болып  ашқан  адам.  Со ның  iшiнде  Екiбастұз 
көмiр кенiшi және Майқайың полиметалл кен орындары да бар.
Малшаруашылығы шикізатын өңдеу жөніндегі алғашқы көсіпорындардың 
негізгі ошақтары Ақмола және Семей облыстары болатын.
Жергілікті  мекемелер  жинаған  деректер  бойынша  мұндай  кәсіпшіліктердің 
алғашқы ошақтары Ақмола облысында XIX ғасырдың орта шенінде-ақ пай-
да болған. 1888 жылы Семей облысында 63 «зауыт» – 13 былғары, 9 сабын 
қайнататын, 1 шарап ашытатын, 1 май қорытатын, 23 кірпіш, 2 сыра ашы-
татын және басқа да 4 зауыттар болып, оларда 262 жұмысшы істеген, жалпы 
шығарған  өнімдері  230  147  сомға  жеткен.  Оның  үстіне  малшаруашылығы 
шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындар негізінен уезд орталықтарында орна-
ласып, дала тұрғындарын жаңа экономикалық үрдістерге үнемі тартып отырды. 
Бұл орайда шикізатты өңдеудің ұлғайтуына қарай негізінен ірі қоныстардың 
құрылуына байланысты жекелеген кәсіпорындардың өнімділігі едәуір көлемге 
*
Неліктен тау-кен кәсіп-
шілігі Қазақстанда 
негізгі өндіріс орны 
саналды?


143
жетті.  1890  жылы  Өскемендегі  екі  кірпіш  зауытында  ғана  өндіріс  көлемі 
 
20 мың дана күйдірілген және шикі кірпіш болды, сонымен бірге Зайсанда – 
 
3 былғары, 1 тон зауыты, Павлодарда – 2 май қорытатын, 2 сабын қайнататын, 
2 кірпіш, сыра ашытатын зауыттар; Көкпекті, Семей, Павлодарда – 13 май 
қорытатын, балауыз, 23 былғары, 5 тон «зауыттары» жұмыс істеді.
XIX  ғасырдың  80-жылдарынан  Сырдария  облысында  да  өңдеуші  өнер- 
кәсіп  қарқын  ала  бастады,  1887  жылы  «фабрика-зауыт  және  майдагерлік 
кәсіпшіліктердің» өнім шығаруының жиынтық сомасы 1 482 500 сомға жетті; 
бұған мақта өндірісі бойынша – 860 000 сомға дейін, жібек өндірісі бойын-
 
ша – 450 000, темекі өсіру бойынша – 20 000, балық аулау және т.б. бойынша 
шығарылған өнім құнын қосу керек, сонда барлығы 1 720 000 сомның өнімі 
шығарылды.
Қазақстан  тарихы
  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  –  Бес  томдық.  3-том, 
 
Алматы, 2002, 507-бет.
1. Мал шикізатын өңдеу орталықтары қайда орналасты? 
2. Кәсіпорындар өлкенің экономикалық дамуында қандай рөл атқарды?
Бүгінгі  сабағымызда  сауда  қатынастарына  жәрмеңкелердің  әкелген  өзге-
рістерін талдаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет