Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


ойлан! Тепе-тең баламасыз  айырбас деген не?  Мысал келтір. есепте



Pdf көрінісі
бет177/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

ойлан!
Тепе-тең баламасыз 
айырбас деген не? 
Мысал келтір.
есепте
Қазақтар қазанды 
неше есе қымбатқа 
алған?
10–3467


146
1835 
жылы  Қазақстанға  әкелiнетiн  астық  пен  егiншiлiк  құрал-сай-
мандарына баж салығын төлеу алып тасталды. Бұл жағдай мен басқа да 
бiрқатар шаралар Ресей көпестерiнiң Қазақстанмен сауда- саттық жасауды 
күшейтуге деген ынта-ықыласын арттыра түстi.
ХIХ  ғасырдың  екiншi  жартысындағы  неғұрлым  iрi  сауда  ор та лық-
тары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қа за  лы және 
Жаркент қалалары болды. 
3. Орта Азиямен жүргiзiлген керуен саудасы.
 ХIХ 
ғасырдың бi рiншi жартысында Қазақстан Ресейдiң Орта 
Азиямен сауда-саттық жа сауында транзиттiк маңызға 
ие  болды.  Орта  Азия  мен  Қытайға  ба ратын  керуен 
жолдары  Қазақстанның  аумағын  Орынбор,  Троицк,  
Петропавл, Семей қалалары арқылы басып өттi. Орта 
Азиямен жүргiзiлетiн сау да керуенiнде жыл  сайын 5, 
6 мың түйеге артылған жүк тасылды.  Патша үкiметi 
Орта Азиядан мақта, жiбек мата
елтiрi
 және кi лемдер алып тұрды.
Орта Азиямен сауда негiзiнен татарлар мен ортаазиялық көпес тер дiң 
қолында болды. Егер бұрынғы кездерi сауда-саттық тек қалаларда ғана 
жүргiзiлiп келген болса, ендi ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла 
беретiн болды. Сауда айналымының көлемi әлдеқайда арта түстi. Бiрте-
бiрте уездiк қалалардың өздерi де iрi-iрi сау да орталықтарына айналды.
Сауда өзiнiң даму барысында бiрте-бiрте ақшалай түрге ене бас тады. 
Мемлекеттiк  қазына  Орта  Азия  көпестерiнен  алынатын  алым-са лық 
есебiнен едәуiр байыды. Көпестердiң саны да арта түстi.
1863 
жылы Орта Азияда болған венгр зерттеушiсi А. Вамбери өлкеде, 
әрбiр үйде Ресейде жасалған өнiмнiң қандай да бiр түрiнiң кездесетiндiгiн 
айтады.
ХIХ  ғасырдың  екiншi  жартысынан  бастап  қазақ  өлкесiндегi  сау да-
саттықтың 
ел  аралайтын,  тұрақты 
және
  жәрмеңкелiк 
түрлерi   пай да 
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет