Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


  Ел  аралап  жүрiп  жасалатын,  тұрақты  және  жәрмеңкелік  сауда



Pdf көрінісі
бет178/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

4.  Ел  аралап  жүрiп  жасалатын,  тұрақты  және  жәрмеңкелік  сауда.
 
Ел аралап жүрiп айыр бас сау да жасаумен орыс, татар және ортаазиялық 
көпестер  айналысты.   Олар  көшпелi  және  жартылай 
көшпелi халыққа күнделiктi қажеттi тауарлар сатты. 
Оны  малға  немесе  мал  өнiмдерiне  айырбастады.  Он-
дай көпестер қазақ даласынан үйiр-үйiр жылқы айдап 
қайтып жүрдi. Жүн мен майды қажетiнше сатып алды. 
Бұл өнiмдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавл және Омбының зауыттары 
мен базарларын дағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткiзiлетiн. 
Ал алыпса тар саудагерлер өз кезегiнде ол өнiмдердi Ресей базарларында 
ойлан!
Сауданың ақшалай 
түрге ауысуы қазақ 
қоғамына қолайлы 
болды ма?
Қазақстанда неліктен 
жәрмеңке саудасы 
дамыды?


147
сата тын, тiптi шетелдерге де асырып жiберетiн. Бұдан екi арадағы делдал-
дар мол табыс табатын.
Жәрмеңкелiк сауда мал өсiрушiлер мен отырықшы диқандардың ара-
сында делдалдық сипат алды. Сауда ның бұл түрi мал сатушы қазақтарға 
өте тиiмдi болды. Олар жәр  меңкеде өздерiнiң малдары мен мал өнiмдерiн 
көптеп  айырбас тай  алды.  Жәрмеңкелiк  сауданың  кеңiнен  өрiс  алуына 
бiрқатар се беп тер болды. 
Бiрiншiден,
 Қазақстанның негiзгi халқы көшпелi 
және жартылай көшпелi өмiр салтын кештi. Мұндай жағдайда олардың 
өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп  сатуға және егiншiлiкпен ай-
налысатын  отырықшы  халықтан  азық-түлiк  өнiмдерiн  молынан  са тып 
алуға өте қолайлы болды. 
Екiншiден,
 қазақтың кең-байтақ да ла сындағы 
жол жүйесi нашар дамыған едi.
Қазақстандағы неғұрлым атақты iрi жәрмеңкелер 
Қарқаралы уезiн дегi 
Қоянды,
 Ақмола уезiндегi 
Кон-
стантинов-Еленов,
  Ат басар  уезiндегi 
Петров
,  Орал 
облысындағы 
Ойыл
 және 
Темiр,
 Верный  уезiндегi 
Қар-
қара,
 
Жаркент
,  Сырдария  облысындағы 
Әулиеата,
 
Семей уезiндегi 
Шар
, Павлодардағы
 Тайыншакөл 
жәр мең келерi болды.
Жәрмеңкелерге әкелiнетiн тауарлар үш топқа бөлiнетiн. Қазақ тар дың 
тауарлары мал және мал өнiмдерi, терi-терсек, жүн-жұрқа, ки iз, текемет 
сияқты  заттар  болатын.  Жәрмеңкелерге  Ресейдiң  еу ро палық  бөлiгiнен 
киiм-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, ұн, шай, қант, бiлтелi шам-
дар,  сабын,  фарфордан  және  темiрден  жасал ған  тұрмыстық  бұйымдар 
жеткiзiлетiн. Ал Орта Азия саудагерлерi әртүрлi шапан, кiлемдер, жiбек 
және мақта-мата кездемелерiн, ер-тұр ман әбзелдерiн, сондай-ақ кептiрiлген 
жемiс-жидек өнiмдерiн сататын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет