153
бар малды жемшөппен қамтамасыз ету ендігі жерде
егін егуді ұйымдастыру мен дамытуға байланысты
болып қалды. Патша үкіметі қазақтардың тұрақты
отырықшы өмір салтына көшуге деген ынтасын
қолдап отырды. Патша үкіметінің пікірі бойынша
бұл шаралар Ресейден қоныс аударушы шаруалар
үшін қыруар жер телімдерін босатып беруі және
қазақтарды басқару үшін қолайлы жағдайлар туғызуы тиіс болатын.
Егіншілікпен қатар, ірі көлдер мен өзендерде, сондай-ақ Арал және
Каспий теңіздерінде балық аулау едәуір дамыды. Бұл кәсіппен кедей
қазақтар айналысты.
Ішкі Ресейден шаруалар мен казактарды Қазақстан аумағына орналас-
тыру байырғы халықтың жерін жаппай тартып алуға ұласты. Қазақтар
ғасырлар бойы отырған ежелгі қоныс тарын тастап, қиыр шеттегі құнарсыз
жерлерге көшуге мәжбүр болды. Мұның өзі көшпелі және жартылай
көшпелі шаруашылықтарды күй зелтті. Бұған дейін дәулетті өмір сүріп
келген қазақтардың кедейліктің күнкөріс қамымен түр лі кәсіпшіліктерге,
соның ішінде тау-кен өнер кәсібіне жұмыс іздеп кетуіне тура келді. Олар
жатақтар
деп аталды.
Достарыңызбен бөлісу: