Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


  Патша  үкiметiнiң  ХIХ  ғасырдың  екiншi



Pdf көрінісі
бет189/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

4.  Патша  үкiметiнiң  ХIХ  ғасырдың  екiншi 
жартысындағы ислам дiнiне қатысты саясаты.
 
Патша  үкiметi  хрис ти ан  дiнiн  тықпалаумен 
қатар, ислам дiнiн әлсiрету саясатын да ұстанды. 
Өйткенi  ол  исламды  хрис тиан  дiнiн  кеңiнен 
тарату  жолындағы  басты  кедергi  деп  санады. 
Қазақтың Шығыс елдерiнде, мәселен, Түркияда 
оқуына тыйым салынды. Молдалардың қызметiне 
үкiмет әкiмшiлiгi тарапынан қатаң бақылау ор-
натылды. 1867–1868 жылдары  қазақтың дiнге байланысты мәселелерi 
Аслан би («Түр кiс тан» 
альбомы, 1871–1872)
Өткел би («Түркiстан» 
 
альбомы, 1871–1872)
пікірің қажет
Неліктен Ш. Уәлиха-
нов билер сотына 
жоғары баға берді?


155
Ислам дініне қатысты 
Ресей империясының 
саясатына өз ойыңды 
білдір.
Iшкi  iстер  министрiнiң  қа рауына  берiлдi.  Молда-
ларды  әскери  губернатор  ға на  та ғайындайтын  және 
жұмысынан босататын болып белгiлендi. Молдалар-
дың жергiлiктi тұрғындардың сауатын ашып, оқытуы 
және оның мешiт жанында жұмысқа жайғасуы үшiн 
уезд бастығының рұқ са ты керек едi. Мешiттер мен олардың жанындағы 
медреселердi  қа зақ   қоғамының  өз  есебiнен  ұстау  керек  деп  шешiлдi. 
Вақфтық (вакуф) жер, яғни мешiттердiң жылжымайтын мүлкiн ұстауға 
үзiлдi-кесiлдi тыйым  салынды. Қожалардың беделі түсе бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет