1. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қа- зақ халқы шаруашылығындағы өзгерістер. XIX
ғасырдың 60–90-жылдары патша үкіметінің әкім-
шілік реформалары барысында қазақ ру-тайпалары
болыс, уезд және облыстық әкімшілік құрылымға
бөлінді. 1897 жылы Ресей империясында алғаш
рет жалпы халық санағы өткізілді. Санақ нәтижесі
бойынша өлкедегі 3,4 миллион қазақ тұрғыны
халық санының 80%-ын құраған. Халықтың не-
гізгі бөлігі ауылда өмір сүрген. 80%-ға жуығы
мал ша руашылығымен, ал 18%-ы кешенді бақташылық және егіншілік
кә сі бімен шұғылданған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан көшпелі және жартылай көшпелі
малшаруашылығы ақырындап құлдырай бастаған еді. Қазақтар үшін ең
ауыр кезең жұт жылдары болатын. Жұттан аман-
есен қалу үшін қазақтар шегара шетіндегі казактар
мен орыс шаруаларына жақын келуге тырысатын.
Жұттан кейін күйзеліп, қайыршыланған қа зақ
шаруашылықтары ендігі жерде егіншілікпен айна-
лысуға мәжбүр болды. ХІХ ғасырдың аяқ ке зінде
елдің орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында егін-
шілікпен айналысуға жаппай бет бұру байқалды.
Мал басын қырып салатын алапат жұттан аман қалу үшін қазақтар шөп
шабумен айналыса бастады. ХІХ ғасырдың соңына қарай Қазақстанның
солтүстік, орталық, солтүстік-шығыс аймақтарында шаруашылықтардың
90%-ға жуығы шөп шабуды кәсіп етті.
Ішкі Ресейден қоныс аударушы шаруалардың көптеп келуіне және
Қазақстандағы қала халқының саны артуына байланысты мал жайы-
лымдарының көлемі қысқара бастады. Отбасы мүшелерін асырау мен қолда
Бүгінгі сабағымызда ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері
әсер етуін түсіндіреміз.
ХІХ ғАСырдың ЕКІНШІ ЖАрТыСыНдАғы ҚАЗАҚ ҚОғАМы