Бөз – мақта матадан тоқылған кездеме.
Елтiрi – туғаннан кейiн 2–3 күн iшiнде сойылған қозы терiсi.
В. Ботов – орыстың белгiлi көпесi. Ол 1848 жылы Қарқаралы маңында Қоянды
жәрмеңкесiнiң негiзiн қалады.
«Батыс Сiбiрдегi далалық жәрмеңкелер. Семей және Ақмола об лыс-
тарындағы барлық жәрмеңкелердi оларда жасалатын сау да ның сипатына
және сауда айналымының мөлшерiне қарай екi топқа бөлуге болады. Жәр-
меңкелердiң басым көпшiлiгi әдетте күз бен қыста қа ла лар да және казак ста-
ницаларында өткiзiлдi. Оларда жер гi лiктi ауылша руашылық өнiмдерi, сондай-
ақ жақын маңдағы көшпелi қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) ма лы мен
мал өнiмдерi, сырттан әкелiнетiн зауыт-фабрикаларда жасалған тауарлар өзара
айырбас арқылы сатылды.
Өзге iрi жәрмеңкелер жаздыгүнi ашық дала төсiнде өткiзiлдi. Мә селен, олардың
қатарына Ботов, Тайыншакөл сияқты басқа да жәр мең келердi қосуға болады.
Үлкен жәрмеңкелерде аса iрi көлемде сауда-сат тық жасалды. Қырғыздар ұсақ
малдарын Семей мен Ақмола облыстарынан айдап әкелiп сатып жүрдi».
Тобыл губерниясының 1885 жылғы ведомостары. Тобыл, 1885, 3-бет.
1. Қазақ даласында қандай жәрмеңкелер болды? 2. Олардың бiр-бiрi нен
айырмашылығы неде едi?
*
152
XIX ғасырдың екінші жартысында көшпелі және жартылай көш- пелі малшаруашылығы құлдырай бастады. Бұл үрдіс дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеруіне әкеліп соқты.