Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет191/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

6. Қоғамдық-саяси ойдың дамуы.
 Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, 
өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша үкіметінің қоныстандыру 
саясаты қазақ халқының қоғамдық-саяси ойын дамытып, ұлттың сана-
сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері 
күшейе түсті. 
Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен 
тең құқықты болуына қол жеткізу үшін күресті. Олар қазақтың ұлттық 
мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын 
қарастырды.  Өз  халқының  отаршылдық  езгіден 
азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұм-
тылды. Қазақ зиялылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтын-
сарин, А. Құнанбайұлы, М.-С. Бабажанов, Қ. Хали-
ди, М. Шорманов, Ш. Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, Ш. Қосшығұлұлы 
т.б. отаршылдыққа, рулық-патриархалдық артта қалушылыққа батыл 
түр де қарсы шықты. Танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі 
тең даму жолына бастай білді. Олар қазақ халқын білім алуға шақырды. 
Бі лім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақ-
талуына көмектеседі деп есептеді.
Өлеңде қандай геогра-
фиялық аймақтар айтыла-
ды? Ресей империясының 
жүргізген саясатына тал-
дау жасаңдар.
Қазақ зиялыларының 
мақсаты неде? Олардың 
қызметіне баға беріңдер.


157
Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына, қоғамдық-саяси ойының 
дамуына  жәрдемдесіп,  халықтың  құқықтық,  эстетикалық  санасы  мен 
өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. 
Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларында пат ша 
әкімшілігінің қазақтың атақонысын тартып алып, оларды жаппай қуып 
шығу саясатын сынады. Мақала авторлары, сонымен қатар қазақ халқына 
христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтың ана тілін 
қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы 
күресті. Зиялылар қазақ даласына оқу-білім таратуды көздеді. Олар әдеби 
кештер  өткізіп,  жиналған  қаржыны  қазақ  студенттеріне  көмекке,  ана 
тілінде кітаптар мен оқулықтар шығаруға жұмсады.
?
1.  «Бақташы  қазақ  өмірінің  бір  күні»  деген  тақырыпта  шағын  әңгіме  құрас-
тырыңдар. 2. Ұлттық буржуазияның қалай қалыптасқаны туралы айтып беріңдер. 
3. «Зар заман» деп қай кезеңді айтамыз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет