§43–44.
алтыншы
Бөлім
ҚазаҚстанның хіх–хх ғасыр
Басындағы мӘдениеті
Бүгінгі сабағымызда мәдениеттің даму барысын, ұлттық салт-дәстүрлер
мен әдет-ғұрыптардың маңызын анықтаймыз. Халық ауыз әдебиеті мен
музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретіндегі құндылықтарын
баға лай мыз. ХІХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің бір тармағы ретінде әйгілі
суретшілердің туындыларымен танысамыз.
ХІХ ғАСырдАғы МӘдЕНиЕТТІң дАМуы
Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқының өзiндiк бiрегей әдет-ғұрып-
тары мен салт-дәстүрлерi қалыптасты. Қазақтардың әдет-ғұрыптары
мен салт-дәстүрлерi отба сы лық құндылықты сақтауда және түрлі
қо ғам дық қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
1. Қазақ халқының қонақжайлылық қасиетi және
өзара көмек жөнiндегi әдет-ғұрыптары.
Қазақтарға
дәстүрлi қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Бұл
қасиет көптеген ғасырлар бойы қа лыптасқан.
Қазақтарда үйiне келген кез келген адамға мiн-
деттi түрде тегiн
қо нақасы
беру, оған жайлы төсек-
орын салып, қондырып жiберу әдет-ғұрпы ежелден
орын алды.
Достарыңызбен бөлісу: |