Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет195/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

2. Жасы үлкендерге құрмет көрсету.
 Дәстүрлi қазақ қоғамында жа сы 
үлкен адамдарды құрметтеу рәсiмi ежелден бар болатын. Ондай құрмет 
жасы үлкен кiсiнiң қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екен дi гi не қарамай 
көрсетiлетiн.  Олар  бар лық  ме рекелерде,  жиын-той-
ларда құрметтi орындарға, төрге шы ғарыла ды. Жина-
лыстарда олар елеулi рөл атқарады. Жастар олардың 
айт қан сөзiн жерге тастамай, мүлтiксiз орындайтын. 
Жас жiгiт үшiн үл кен табақтан ақсақалдың өз қолынан 
ет асау ең жоғары марапаттың белгiсi саналатын. Кiшi 
iнi  үлкен  ағаның  рұқсатынсыз  дастарқан   басына  өз 
бетiнше ешқашан отырмайтын.
тірек сөздер:
Бата беру
Әнші-композиторлар
• Дәулескер күйшілер
Әйгілі суретшілер
талда
Қай әдет-ғұрып 
саған бұрыннан та-
ныс және қайсысы 
сенің таңданысың-
ды тудырды?


160
3.  Бата  беру.
  Қазақтарда 
бата  беру
  әдет-
ғұрпы  ертеден  сақталған.  Бата  беру  кейде 
өлеңмен,  кейде  көркем  қарасөзбен  айтылып, 
ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасқан. 
Батаны елге сыйлы, аузы дуалы ақсақалдар 
берген. Олар елге тыныштық, әр отбасына аман-
дық, келер ұрпақтың бақытты, саналы азамат 
болуын тілеген. Сонымен қатар үлкен іс бастар-
да, жауға, жолға, аңға т.б. сапарларға аттанарда 
бата беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет