Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


  Қазақтың  поэтикалық  өнері,  әнші-компози торлар



Pdf көрінісі
бет197/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

5.  Қазақтың  поэтикалық  өнері,  әнші-компози торлар. 
Біржан  сал 
Қожағұлұлы
  (1834–1897).  Қазақ станның  солтүстік  өңірінде  дүниеге 
келді. Ол халық арасында Біржан сал деген атпен белгілі болды. Жас 
кезінен-ақ  ән  салуға,  өз  жанынан  ән  шығаруға  бейім  еді.  Ақын,  саз-
гер әрi әншi ретiнде ел арасын да ке ңiнен танылды. Екi сыныптық қа-
зақ-орыс  мектебiнде  сауат  ашты,  содан  соң  Петропавл  қаласындағы 
медреседе оқыды. Араб, парсы, ша ғатай тiлдерiн жақсы бiлдi. Бiржан 
сал  көптеген  лирикалық  әндер  шығарды.  Оның  музы калық-ақындық 
шығармашылығында демо кра тиялық сипат айқын байқалады. Бiр жан-
ның ән дерiнде әділетсіз, сараң байлар мен болыстардың озбырлығы әш-
ке ре ленедi. Ақын әйелдердiң тең сiздiгiн жою жөнiнде жар сал ды.  Бiржан 
салдың «Айбозым», «Ақ тентек», «Бiржан сал», «Ғашығым», «Айт бай» 
т.б. 40-қа жуық әнi бар.
Қазақтар. XVIII–XIX ғ. 
 
М. В. Горелик
Дәстүрлі қазақ қоғамын-
да неліктен таптық және 
әлеуметтік қайшылықтар 
орын алған жоқ?


161
ХIХ  ғасырдың  екiншi  жартысындағы  қазақ 
му  зы касындағы  әйгi лi  тұлғалардың  бiрi  аса  көр-
нектi  ақын,  композитор 
Жаяу  Мұса  Байжан ұлы
 
(1835–1929)  болды.  Ол  Баянауыл  округiнiң  Ақ-
шоқы деген жерiнде дүниеге келген. Ал  ғаш қы са-
уатын ауыл мол дасынан ашып, кейiн Ом быда оқып 
бiлiм  алған.  Ол  домбыра,  скрипка   және  гармонь 
тартуды жастайынан үйрендi. Көрнектi орыс ақын-
жазушыларының  шығармаларымен  таныс  болды. 
Жаяу Мұса өзiнiң өлеңдерi мен әндерінде жергiлiктi 
болыстардың зорлық-зомбылықтарын, патша үкiметі-
нiң отаршыл дық саясатын батыл әшкереледi. Оның 
атақты «Ақ сиса» әнi әлеуметтiк әдiлет сiз дiкке қарсы  
наразылықтан  туған.  Ол  өзiнiң  отар шыл  үкiмет ке 
қарсылығы  үшiн  «қырда ғы  қауiптi  адам»  ретiнде 
сот талып, Тобыл  қа ласына жер аударылады. Сонда 
түрмеде отырып, Ба тыс Сi бiр гене рал-губер на торына 
хат жазып, өзiн әскерге жi беру жөнiндегi өтiнi  шiн 
жолдайды. Оның бұл тi легi қабыл алынып, Тобылда,  
Орын  борда,   Қазанда,  Новгородта,  Мәскеуде,  Вла  -
ди мирде  және  Пе тербургта,  сон дай-ақ  Поль ша  мен 
Литвада әс кери қызметте болады. Ол «Толғау», «Боз -
торғай», «Жанбота», «Ға шығым» сияқты 60-тан ас там  
ән шы ғарады. 
Қазақ халқының атақты ақыны, ком по зи тор-әншi 
Ақан 
серi
  Қо рам  саұлы
  (1843–1913)  Қазақстанның 
солтүстiк  өңі рінде  дүниеге  кел дi.  Сауатын  ауыл 
мол да  сынан  ашып,  кейiн  Қы зылжар  қаласын  дағы 
медреседе  оқы ған.  Ол  бала  кезiнен  өлең  шығарып,  
музыкамен әуестене бастайды. Қасына ерген талантты 
жас тар мен  ауыл-ауылды  аралап  ән  салып,  домбыра 
тар тады. Халық оны құрмет тұтып, 
серi
 атаған. Ол 
му зыкалық-поэтикалық  мол  мұра  қалдырды.  Оның 
бiзге  40-тан  астам  әнi  жеттi.  Ақан  серiнiң  «Алты-
ба сар»,   «Сырымбет»,  «Мақпал»,  «Ақтоқты»  әндерi 
жан тебi рен терлiк әсерлi, саз ды келедi. Ақан се рiнiң 
шығармашылығына қатты әсер еткен жағдай сү йiктi 
тұлпары  Құ лагердiң  қаскөй  зұлымдардың  қолынан 
өлтiрiлуi едi. Ақан серiнiң әндерiнде қо   ғам  дық өмiр-
Жаяу Мұса 
Ақан серi


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет