ҚОрыТыНды Қымбатты оқушылар! Мiне, сендер Қазақстанның жаңа тарихы курсын оқып бiтiр дiң дер. ХVIII
ғасырдың бiрiншi жартысы қазақ халқы үшiн аса ауыр заман болды. Қазақ-жоңғар
соғысының қиын-қыстау жағдайында Қа зақ стан бiрте-бiрте Ресей империясының
отарына айнала бастады. Патша үкiметi әскери-саяси күш көрсету арқылы
Қазақстан аумағын қол астына қаратты. Қазақ мемлекеттігi тәуелсiздiгiнiң
символы са на лып келген Шыңғысхан ұрпақтары билiк басынан бiрте-бiрте шет-
тетiле бастады.
ХVIII ғасыр сонымен қатар Абылай ханның тұсында Қазақ хандығының
күшейген кезi болды. Абылай хан жоңғар басқын шы ларына соқ қы берудi
ұйымдастырушылардың бiрiне, әрi жеңiмпаз жетекшi сiне айналды. Ол Қазақ
хандығын дүниежүзiнiң аса iрi алпауыт мем лекеттерi Ресей мен Қытайға тәуелдi
болудан аман сақ тап қалды. Алайда