Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


  Патша  үкіметінің  әскери  бекіністер  желісін



Pdf көрінісі
бет28/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

3.  Патша  үкіметінің  әскери  бекіністер  желісін 
салуы.
  Ресей  империясы  қазақ  жерінде  әскери  бекі-
ністер  желісін  құра  бастады.  1716  жылы  көктемде 
И. Бухгольц отряды Омбы бекінісінің негізін қалады. 
Кейінірек,  патша  үкіметі  қазақ-жоңғар  әскери-саяси 
қайшылығы  жағдайында  Ертіс  жағалауы  аймағына 
басқа да бекіністер салды.   
Бекіністердің арасында шағын 
бекіністер
 мен ре
-
дуттар пайда болды. Жоңғар билеушілеріне бекіністердің салыну себептерін 
патша  әкімдігінің  өкілдері  қазақтардың  шапқыншылығынан  қорғаныс 
деп,  ал  қазақтарға  –  жоңғар  шапқыншылығынан  қорғану  шаралары 
деп  түсіндірді.  Алайда  бекіністер  Ертіс  өзені  бойындағы  патшалықтың 
жағдайын күшейтуге қолайлы еді. Ондағы негізгі мақсаты Қазақ хандығы 
мен Жоңғар қоңтайшысына тиесілі жерлерді өзіне қосып алу еді. Бұл ту-
ралы орыс зерттеушісі 
Н. Коншин
 былай деп жазды: 
«Ертіс бойындағы 
бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті – оң жағалаудағы жерлерді 
жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қырғыздардан (қазақтардан) 
қорғау еді».
 Мұндай шаралар Кіші жүзбен шектесетін қазақ қоныстарының 
солтүстік-батыс шегарасында да жүргізілді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет