1. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы. Жоңға-
риямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақ-
тары тамаша жеңiске жеткенiмен, ол табыс баянды бола
қоймады. Хандар мен сұлтандардың тақ таласына бай-
ланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей им-
периясы да тартылды. Ресей қа лайда Қазақстанды өзiне
қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңдi кү тумен болды.
Әбiлқайыр қазақ хандығында жеке өз билiгiн нығайту жолдарын
жатпай-тұрмай тынымсыз iздестiре бастады. Кiшi жүздiң ханы Ресей
мемлекетiнiң қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке ба сының
ерекшеліктері де шешушi рөл атқарды.
1730 жылы Кiшi жүздiң билерi ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды
ұсынды. Алайда Ресеймен ке лiссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдiң
өкiмет билiгiмен неғұр лым жақын бола түсу мақсатымен
1730 жылғы
қыргүйек айында Әбiл қайырдың елшiлiгi Пе тербургке келдi. Елшiлiк Кiшi
жүздi Ресейдiң қарамағына алу ту ра лы императрица Анна Иоанновнаның
атына жазылған өтiнiштi та быс еттi.