2. А. Тевкелев бастаған елшiлiктiң Кiшi жүзде болуы. Қазақтардан ант
алу үшiн патша үкiметi Әбiлқайырға
1731 жылғы көктемде Петербургтен
А. и. Тевкелев бастаған елшiлiктi жiбердi. Оған Кiшi жүз дiң билеушiлерiн
Ресейдiң қол астына қалай өткiзуi керектiгi жө-
нiн де жан-жақты нұсқау берiлдi. Кiшi жүздiң ат
төбелiндей билеушi тобына қалағанынша сый-сияпат
берiп, тiкелей сатып алу жағын да қарастырып
көрудi тапсырды. Ол үшiн 1 миллион орыс рублiне
дейiн жұмсауға рұқсат етiлдi. Әбiлқайырға импе-
ратрица Анна Иоанновна ның атынан қымбат баға-
лы – болат қылыш, бұлғын iшiк, екi түлкi тымақ, шұға маталар мен басқа
да сыйлықтар беру көзделдi. Бiрақ оларды Құран ұстап, ант берiлгеннен
және құжатқа қол қойыл ғаннан кейiн ғана тапсыру қарастырылды.
Дипломатиялық тапсырмамен келгендердiң құрамында башқұрттың
ықпалды старшыны әрi батыры
Таймас Шайымов та болды.
Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшiлiк, сонымен қатар
барлау мәлiметтерiн де жинауға – жер бедерiн суреттеуге, қазақтар дың
тiлi, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлерi туралы мәлiметтер жи нақ тауға
тиiс болды. Елшiлiк сондай-ақ тұрғындардың империя қол астына өтуi
қабыл алынған кездегi көңiл күйiнiң қандай болғанын да бiлуi тиiс едi.
А. Тевкелевке қазақтарға ең жақын көршi ха лық тар туралы да деректер
жинау тапсырылды.