38
Өзiнiң қол астындағы халықты не ғұрлым жақсы басқару үшiн Абылай
үш жүздiң әрқайсысына әйгілі тұлғаларды билеушi етiп тағайындады.
Ол сот билiгiн кү шейте түстi. Сонымен қатар
белгiлi қазақ билерiнiң, сондай-ақ атақты қазақ
батырларының беделiне арқа сүйедi. Сондай күштi,
ықпалды саяси тұлға Абылайдың кеңесшiсi
Бұқар
жырау
болды.
Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасын дағы өзара қырқыс,
алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен ба рымта алуды тоқтатты. Ол
қазақтардың егiншiлiкпен, шөп шабумен және балық аулау мен айналысу-
ына қолдау көрсеттi. Хан қазақ даласындағы керуен саудасын күшейтуге
барынша кө ңiл бөлдi. Ол қазақ даласында темiр ұстаханаларын салудың
бас тамашысы болды. Абылай хан ақын-жырау, әншi-күйшiлер мен дiни
қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.
Достарыңызбен бөлісу: