4. ХVIII ғасырдың басындағы жоңғар шапқыншылығы. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». ХVIII ғасырдың 20-жылдарының бас
кезiнде жоңғарлардың Қазақ жеріне кезектi iрi жорық жасауына қолайлы
жағдай қалыптасты. 1722жылы жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы соғыс
жүргiзiп келген Қытай императо ры (боғдыханы)
Канси қайтыс бол-
ды. Сөйтiп, жоңғарларға Қытаймен бейбiт келiсiм жасасуға мүмкіндік
туды. Жоңғар билеушiлерi Едiл бойындағы қалмақтардың ханы Аюкеге
елшi жiберiп, қазақтарға қар сы бiрлескен соғыс қимылдарын жүргiзу
мақсатын көздедi. Ертiс бойында жақында ғана бой көтерген әскери
бекiнiс желiсiн нығайту мен әуре болып жат қан Ресей Жоңғар мемлекетiне
бәлендей қауiп төн дiре алмайтын едi. Оның үстiне, Ресей көршi жатқан
екi көшпелi мемлекеттiң өзара қарым-қатынасына байланысты бейтарап
саясат ұстауға тырысты. Қазақ мемлекетiнiң де, Жоңғар хандығының да
өзара шайқас та әбден әлсiреп, қансырағанын күттi. Өйткенi оған осы лай
болғаны тиiмдi едi.
10
1723 жылдың көктемiнде алдағы болатын
жойқын соғысқа мықтап әзiрленген, әрi қазақ
хандықтарының алтыбақан алауыз болып ыды-
рап бара жатқанын пайдалана қойған