12
мен қалмақтардың едәуiр мазасын қашырды. Патша
үкi метi бiрқатар ке шендi ша ралар қабылдады: ше-
гара күзетi күшейтiлдi, жаңадан әскери бекiнiстер
салу шаралары қолға алынды.
Қазақтардың едәуiр бөлiгi Орта Азия мемле-
кеттерiнiң аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сыр-
дария өзенiнен өтiп кеткен Орта жүз рула рының
көпшiлiгi Самарқан қаласының төңiрегiне, ал Кiшi
жүз қа зақтарының едәуiр бөлiгi Хиуа мен Бұхар
хандықтарына көшiп кеттi.
Жоңғар шабуылының өрт-жалыны өзбектердi де, қырғыздарды да,
қарақалпақтарды да шарпығанымен, ең ауыр соққы қазақтарға тиді.
Қазақ халқының басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасі-
реттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды:
Қаратаудың
басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айырылған жаман екен,
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді...
Ақтамбердінің мына өлеңі де халық жадында сақталған:
Жауға
шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек қан қайнап.
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап.
Батырлардың Отан қорғаудағы ерлік істерін Үмбетей, Тәтіғара, Бұқар,
Көтеш т.б. жыраулар жазып қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: