Секция
«
Экономика
»
3-суреттен - көріп отырғанымыздай, Алматы облысының 2015-
2019 жылдардағы шағын жəне орта кəсіпкерлік дамуының негізгі
көрсеткіштері кəсіпкерлік субьектілерінің санына қарағанда ай-
тарлықтай жоғары емес. Дегенменде, облыста соңғы үш жылда
өз бизнесін дамыту үшін кəсіпкерлер тарапынан инвестициялық
сұраныстар артқан. Өйткені, облыста бизнеспен айналысам дей-
тіндерге мүмкіншіліктер мен жағдайлар өте көп. Бұған дəлел, Дү-
ниежүзілік Doing Business банкінің 2019 жылдың зерттеуі бойын-
ша Алматы облысы бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша 13 орында
[11]. Қазіргі таңда шағын жəне орта бизнес облыс экономикасы-
ның жетекші саласына айналды деп айтсақ та болады. Олай де-
уіміздің себебі, бұл сала халықты жұмыспен қамтамасыз етуде,
ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуде жəне бюджеттік
кірісті толтыруда маңызды рөлді атқарады.
2020 жылы COVID-19 короновирус инфекциясының таралуына
қарамастан, облыстағы шағын жəне орта кəсіпорындар саны 4,4% -
ға өсті. Мұндай кəсіпорындар санының өсуі «Бастау Бизнес» өңір-
лік жобасымен байланысты. Облыста жұмыс орындары мен кəсіп-
керлік субъектілерін барынша сақтауға бағытталған қолдаудың
түйінді шаралары айқындалды. Олар: салықтан босату жөніндегі
шараларды түсіндіру, қызмет көрсету саласындағы кəсіпорындар-
ды мүлік салығынан босату, несиелерді кейінгі қалдыру, жалға бе-
руден босату жəне т.б жөніндегі шараларды түсіндіру. Сонымен
қатар, пандемия жағдайында онлайн сауда, тауарларды жеткізу
қызметтерінің өсуі байқалады. Еліміздің экономикасын дағдары-
стық жағдайға алып келген COVID-19 короновирус инфекциялық
пандемиясының белең таралу деңгейіне қарамастан, Алматы об-
лысы ең бірінші болып дағдарысқа қарсы шараларын күшейткен
облыстардың қатарында жəне 2020 жылдың екінші жартысында
экономиканың маңызды салалары бойынша оң динамика мен өсім
көрсеткіштерін сақтап қала алды. Облыста экономикалық панде-
мияға байланысты белсенділік пен тұрақтылықты қалпына келтіру
мақсатында өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде кешенді
жоспар қабылданды. Бұл жоспар бойынша облысқа инвестиция-
лар тарту, агроөнеркəсіптік кешенді, кəсіпкерлікті, ШОБ жəне са-
уда-саттықты дамыту шаралары енгізілді.
Өнеркəсіп кешені бойынша облыста 2020 жылы 636 млрд тең-
гелік өнім өндірілді, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда
218
Достарыңызбен бөлісу: |