Секция
«
Социология
и
политология
»
көшбасшылар қауымдастық мүшелеріне салыстырмалы түрде аз
əсер етеді; егер ұйым басшыларының қызметіне сəйкес келмесе,
қауымдастықтар жергілікті мемлекеттік немесе мемлекеттік ор-
гандармен байланысты болмаса, ұйымнан шығу мүмкіндігі əрқа-
шан болады; ерікті ұйым мүшелері тегін жұмыс істейді. Əрбір
тарихи кезеңде еріктілер қозғалысының рөлі, олардың негізін-
де кəсіби Əлеуметтік жұмыстың пайда болуына алып келді. Қа-
зақстанда ғана емес, бүкіл дүние жүзіне қауіп төндірген Covud-19
індеті халқымыздың денсаулығына қауіп төндірген сəтте ерік-
тілердің еңбегінің қаншалықты маңызды екендігін мемлекет те,
тұрғындарда білуі, көруі, бағалауы жəне оның қатарының көбеюі
қажеттілігі осы мақалны жазуға итермеледі.
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2020 жыл-
ды Еріктілер жылы деп жариялаған болатын. «Мен еріктілер адал
ниетті адамдар екеніне сенемін. Волонтерлік - бұл шынайы патри-
отизмнің бейнесі, өйткені сіз елге қызмет етіп, барлығын да халық
үшін жасауға тырысасыздар», – деп атап өтті Қазақстан Президенті
(«Волонтерлік – жастардың əлеуметтік лифті» форумы, 2019).
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының субъектілерінде
жастарды ерікті қызметтеріне байланысты тиімді қолдау жүйесі
қалыптасуда, бұл еріктілік қызмет адамдардың ерікті түрде ай-
мақтық, ұлттық, əлемдік, деңгейде əлеуметтік қызмет көрсетуі-
не, тұлға ретінде өсуі мен гүлденуіне бағытталған (ҚР-ның 2016
жылы 30 желтоқсандағы елдегі еріктілік қызметтің құқықтық
негіздерін айқындайтын «Волонтерлік қызмет туралы» заңын-
да) еріктілер – бұлар «физикалық тұлғалар, қайырымдылық қы-
зметтерді қайтарымсыз деңгейде атқарушылар деп анықтама
берілген.
Қазіргі «еріктілік» ұғымы кең жəне тар мағыналы позициялар-
дан қарастырылады.
Кең
мағынадағы
еріктілік ол – коммерциялық емес жəне қоғам-
дық бірлестіктердің бірігуі, соның негізінде ерікті, жауапкершілік-
тері мол, азаматтардың қалауымен құрылған қоғамның ортақ қы-
зығушылықтарын жүзеге асырушы бірлескен ұйымдар.
Тар
мағынасындағы
еріктілік қызмет əлеуметтік жұмыспен
байланысы бар, əлеуметтік қызметтерді адамның жеке қалауына
320
Достарыңызбен бөлісу: |