Секция
«
Социология
и
политология
»
Сондай-ақ, 2002 жылғы 11 шілдедегі «Мүмкіндігі шектеулі
балаларды əлеуметтік жəне медициналық-педагогикалық тү-
зеу арқылы қолдау туралы» заң қазір қолданыста. Бұл Заң əле-
уметтік, медициналық, педагогикалық қызметтегі əдістемелік
аспектілерді, сондай-ақ мүгедек балаларды түзеу арқылы қолда-
уды айқындайды, оның басты бағыты мұқтаж адамдарға көмек
көрсетудің жолға қойылған жүйесін құру жəне олардың бала
мүгедектігінің тəрбиесіне, оқуына, еңбек, кəсіптік даярлығы-
на жəне алдын алуға негізделген проблемаларын шешу болып
табылады [6].
Əлеуметтік қызметкерге мүгедек балалардың, сондай-ақ олар-
дың отбасыларының істерін қарау кезінде қажетті келесі Заң «Қа-
зақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша жəне жасына байланысты берілетін
мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16
маусымдағы (06.04.2016 ж.жағдай бойынша өзгерістермен жəне
толықтырулармен) Заң болып табылады.
Осы Заңның 2-тарауының 8-12 баптарында жəрдемақы тағай-
ындау, олардың шарттары мен мерзімдері, мөлшері, сондай-ақ
жəрдемақы алуға құқығы бар мүгедектердің санаттары сипат-
талған [7].
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жəрде-
мақы туралы» 2016 жылғы 6 сəуірдегі Заңға сəйкес 16 жастан 18
жасқа дейінгі мүгедек балалар 1,4 АЕК (1,2 топ) жəне 0,6 АЕК (3
топ) мөлшерінде мемлекеттік жəрдемақыға, ал 16 жасқа дейін 0,9
АЕК-ке тең жəрдемақыға құқылы.
Əрине, барлық балалар сияқты, олар да Конституцияда жəне
«Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы»,
«Білім туралы», «Арнаулы əлеуметтік қызметтер туралы» Қа-
зақстан Республикасының заңдарында көзделген білім алуға
құқылы.
Еліміздегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға [8], сəйкес
мүгедек балаларды тəрбиелеп отырған барлық отбасылар, егер:
- тұрғын үй жағдайлары техникалық жəне санитарлық норма-
лар мен ережелерге сəйкес келмейтін болса;
- бір тұрғын үйде екі немесе одан да көп отбасы тұратын болса;
- меншік құқығында тұрғын үй жоқ болса, құжаттарды тапсы-
руға жəне тұрғын үй алуға кезекке тұруға құқылы.
332
Достарыңызбен бөлісу: |