Narxoz Student Research-2021
program to prevent stress and signifi cant errors, and to reduce hazards
and accidents. This article is central to the perception of factors that can
improve the motivation of new employees in the company.
Keywords
: managers, employees, adaptation, production,
psychophysiological adaptation, working conditions.
Кіріспе
Қызметкерлерді бейімдеу-бұл ұйымға жаңа қызметкерлерді
қосу процесі, ол корпоративті мəдениетте бекітілген ережелер мен
нормалармен, кəсіби қызмет тəсілдерімен, бейресми байланыстар
жүйесіне қосылумен танысуды қамтиды. Кəсіби бейімделудің
мақсаты - жаңа қызметкердің кəсіби білім мен дағдылар жүйесін
игеруі жəне оларды практикада тиімді қолдану. Бұл мақсатқа жету
кəсіби дайындықтың жұмыс талаптарына толық сəйкестігімен
анықталады. Кез-келген заманауи ұйымның негізі, əрине, ол қыз-
меткер, өйткені бұл ұйымның иелігіндегі ресурстардың кез-келген
түрін тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін жəне оның экономи-
калық көрсеткіштері мен бəсекеге қабілеттілігін анықтайтын объ-
ект. Ұйымның мақсаттарына қол жеткізудегі адами ресурстардың
үлесі жəне өндірілетін өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің
сапасы, ең алдымен, персоналды іріктеу бойынша жұмыстың қан-
шалықты тиімді жүргізілуіне байланысты. Еңбекке бейімделу
мəселесі қазіргі кадр саясатында маңызды орынға ие. Қызметкер
өзгеріп жатқан нарықтың талаптарына байланысты үнемі өзгеріп,
дамуы қажет.
Негізгі бөлім
Ұйымда жұмыс істей бастаған адам бірден ішкі ұйымдасты-
рушылық қатынастар жүйесіне қосылады. Ұжымда адамның
əлеуметтік рөлі мінез-құлық талаптары, нормалары мен ереже-
лер жиынтығымен анықталады. Сонымен, жаңа қызметкер бір
уақытта бірнеше əлеуметтік рөлдерді атқарады (қызметкер, əріп-
тес, бағыныштылар, ұжымдық басқару органының жетекшісі не-
месе мүшелері), олардың əрқайсысы тиісті мінез-құлықты талап
етеді. Белгілі бір ұйымға жұмысқа қабылдау кезінде адам белгілі
бір мақсаттар мен қажеттіліктерді көздейді, соған сəйкес ол ұй-
ымға, еңбек жағдайларына жəне мотивацияға талаптарды қояды.
Жаңа қызметкерлерге жаңа ортаға бағдарлауға көмектесу үшін
441
Достарыңызбен бөлісу: |