512
Narxoz Student Research-2021
нының көбеюі елдің əлеуметтік, экономикалық жəне демографи-
ялық саясатына үлкен нұқсан тигізеді.
Аннотация
Развод сегодня - одна из самых больших социальных проблем.
Это пример неспособности отстоять свой выбор и первый реши-
тельный шаг к полному разрушению семьи. Поскольку государ-
ство состоит из семей, рост числа разводов оказывает серьезное
влияние на социальную, экономическую и демографическую по-
литику страны.
Abstract
Divorce is one of the biggest social problems today. This is an
example of the inability to defend one’s choice and the fi rst decisive
step towards the complete destruction of the family. Since the state
consists of families, the increase in the number of divorces has a serious
impact on the social, economic and demographic policy of the country.
Кіріспе
Ажырасуды көптеген ғалымдар, психологтар мен жазушылар
зерттеп, оның себебін жəне кейінгі салдарын анықтауға тырысқан.
Осынадай зерттеушілердің бірі Тимофеенко.Е.Е. еңбегіне сүй-
енетін болсақ: отбасының өміріндегі ең маңызды кезең, ерлі-за-
йыптылар 20 жастан 30 жасқа дейін болған кезде, сондай-ақ, 30
жасқа дейін қидырылған неке, 30 жастан асқан кезде пайда болған
некелерден орта есеппен екі есе ұзаққа созылатындығы анықтал-
ды. 30 жылдан кейін адамға бірге өмір сүру жəне отбасылық рөл-
дерге ену қажеттіліктері үшін өзін өзгерту əлдеқайда қиын. Жас
адамдарға жұбайларына ұнамайтын əдеттерден арылу оңай. Ажы-
расулардың басым көпшілігі 18 мен 35 жас аралығында. Күрт өсу
25 жастан басталады. 64% жағдайда сот ажырасқандарды бұл ту-
ралы ойлануға шақырады жəне оған бірнеше ай уақыт береді. Осы
уақыт аралығында ерлі-зайыптылардың шамамен 7% ажырасу ту-
ралы өтінішхатты қайтарып алады.
Негізгі бөлім
Ажырасудың негізгі себептері қандай? ТМД елдерінде ажыра-
судың барлық себептерінің төрттен бірі неке адалдығын бұзумен