Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет469/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

мəселенің  масштабы  мен  зорлық  көрсету  мəселелерінің  жиілігін 

біле алмайды. Негізінен, оның жауабы да айқын, себебі, бұл жер-

де отбасының ішінде «жабықтық» жүйесі (үй ішінде орын алған 

ұрыс-жанжалды  шығарғысы  келмеу;  жəбірленуші  мен  жəбірле-

ушінің  қарым-қатынастық  байланысы;  əлеуметтік  қызметкер-

лердің  үйге,  отбасы  мəселесіне  қол  жетімсіз;  медициналық  ме-

кемелер  мен  заң  қорғау  органдарынан  алынатын  ақпараттардың 

жеткіліксіздігі  мамандарға  отбасы  ішінде  туындаған  мəселелер-

мен кəсіби деңгейде жұмыс атқаруларына кедергі келтіруде. Со-

нымен  қатар,  кейбір  арыздарды  администрациялық,  қылмыстық 

жауапкершілікке  тартылмайды,  себебі  орын  алған  зорлық  акті 

заңда қарастырылмауы мүмкін. Жəне жəбірленушілер тарапынан 

да заң қорғау органдарына сенімсіздік болуы мүмкін, егер де зор-

лық  көрсеткен  адам  жазаланбаса  қара  бет  боламын,  немесе,  оны 

құпия  ретінде  ұстап  жүруі  мүмкін,  қалың  ортамен  бөліскісі  кел-

меуі,  заң  органдарымен  бірге  жұмыс  жүргізгісі  келмеуі  секілді, 

жəне  т.б.  себептер  болуы  мүмкін.  Осындай  жағдайлардың  орын 

алуына байланысты статистикада тек қана «айсбергтің ұшы» ғана 

көрінеді.

Психологияның  тұрғысынан  зорлық  адам  өміріндегі  нега-

тивті өмірлік тəжірибе ретінде, «балалық шақта алынған травма» 

негізінде,  алкоголизм  мен  психопотология,  немесе,  отбасының 

дисфункционалдық  симптомының  отбасы  қалыптастырудағы 

рөлдері  деген  секілді  факторлармен  тұжырымдалады.  Сонымен 

қатар,  отбасындағы  кез  келген  адамның  отбасының  басқа  бір 

мүшесімен  қарым-қатынасының  жаман  болуы  да,  басқа  жоға-

рыда  аталып  өткен  мəселелер  болмаса  да,  ол  жас  болсын,  кəрі 

болсын  отбасында  деструктивті  қатынас  орын  алатындығын 

көрсетеді. 

Психология  тұрғысынан  зорлық-зомбылық  пен  қатыгездік 

сирек  жағдайда  ғана  мағынасыз,  мəнсіз  болады.  бұл  фактордың 

маңыздылығы оның жеке адамға қандай да бір субъективті мəсе-

лесі мен жағдайының болуында. Адам субъективті тəжірибесі мен 

ойларының  негізінде  іс-əрекетке  баратындықтан,  жəбірлеушінің 

агрессивті  мінез-құлқының  мотивтері,  көп  жағдайда,  бейсаналы 

болып келеді. Көп жағдайда, күш көрсету, зорлық көрсету арқылы 

адам толық күш пен бағыныштылыққа ие болады. Соның негізінде 

агрессор адам өзін-өзі растайды, қалыптастырады.



525



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет