320
құрсақастылық
өрімдер.
Олардың
түзілуіне
симпатикалық
талшықтар
да,
парасимпатикалық талшықтар да қатысады.
Кеуденің қолқалық өрімі
(plexus aorticus thoracicus) қолқаның кеуде бөлігі мен
оның висцералды тармақтарының бойында орналасып келесі өрімдерді біріктіреді: жүрек
өрімі (plexus cardiacus) – қолқаның жоғарылаған бөлігінің, доғасының, өкпе сабауының
бойында және өкпе веналарының сол жүрекшеге құйылатын жерінде орналасады; өңеш
өрімі (plexus esophagialis) – өңештің адвентициялық қабығының тереңінде орналасады;
өкпе өрімі (plexus pulmonalis) – бронхтар мен өкпе түбірінің тамырларын орап орналасып,
солармен бірге оң және сол өкпелер тініне кіреді. Кеуденің қолқалық өрімі қолқамен бірге
іш қуысына еніп, іштің қолқалық өріміне ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: