Жыныс бездерінің эндокринді бөлігі
Ерекше белгілері, әйелдердің жыныстық екі гормондары (эстрон – фолликулин және
прогестерон – анабездің сары денесінің гормоны) және еркектерде атабездің еркектік
жыныстық гормоны – андроген.
Эстрон
анабездегі фолликуллдардың даму барысында түзіледі. Бұдан басқа
эстронды плацента (бала серігі) және кейбір деректерге сүйенсек бүрекүсті безі де
өндіреді.
Биологиялық қасиеттері
: етеккір (менструация) циклін реттейді, жатырдың
дамуын ынталандырады, екінші жыныстық белгілердің дамуына жағдай жасайды, нерв
жүйесінің сергектігін (тонус) көтереді, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гонадотроптық
қызметін реттейді т.б.
340
Прогестерон
– анабездің сары дене гормоны – анабез фолликулының жарылған
жерінде пайда болған тыртық тінінің екіқабаттылық (жүкті болу) басталғанда бөліп
шығаратын секреті.
Биологиялық қасиеттері:
ұрықтанған жыныстық жасушаны имплантациялауға
(бекіту) жатырдың шырышты қабығын дайындау, ұрықтың қалыпты даму циклін сақтау.
Андроген
– атабез гормоны (грек сөзі – andros – еркек) – атабез бөлікшелерінің
дәнекер тінінде иреленген шәует өзекшелерінің аралығында өндіріледі. Сонымен қатар
андрогенді бүйрекүсті безі де бөліп шығарады.
Биологиялық қасиеттері:
еркектің жыныс ағзаларының өсуін және қуықасты
безінің секреттік қызметін ынталандырады, екінші жыныстық белгілердің дамуына
жағдай жасайды, нерв жүйесіне серпіліс береді, жыныстық қатынасқа икемдеіді.
Атабездің гормондық қызметі гипофиздің, бүйрекүсті безінің және қалқанша бездің
қызметтерімен өзара тығыз байланыста.
Сонымен, бірде-бір эндокринді түзілістер оқшауланып қызмет жасай алмайды. Осындай
қызметтік тығыз байланыс нерв жүйесі мен эндокринді жүйелер арасында да бар. Осы
факт, біріңғай нейро-гуморальдік реттелуі бар организмнің бір тұтастығын айғақтайды.
341
МАЗМҰНЫ
ОСТЕОЛОГИЯ.........................................................................................................4
ЖАЛПЫ МИОЛОГИЯ............................................................................................119
ІШКІ АҒЗАЛАР.......................................................................................................169
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ............................................................................................169
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ...........................................................................................196
НЕСЕП ЖҮЙЕСІ......................................................................................................208
ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ.....................................................................223
НЕРВ ЖҮЙЕСІ..........................................................................................................272
СЕЗІМ АҒЗАЛАРЫ...................................................................................................341
ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ............................................................................................358
Достарыңызбен бөлісу: |