Параганглийлер және шумақтар (гломустар) Параганглийлер мен гломустар – дамуы бойынша симпатикалық нерв жүйесінің
ганглиялық жасушаларына жақын, жекеленген хромоффинді жасушалардың шоғыры.
Айрықша тұрақтылары, қолқаның іштік бөлігінің бүйірлерінде орналасқан, қолқа
жанындағы денешіктер (paraganglion aorticum) және жалпы ұйқы артериясының
айырығындағы (ішкі және сыртқы ұйқы артерияларға бөлінетін жері) ұйқы шумағы
(glomus caroticum). Бұл түзілістердің ішкі секреттік қызметі бүйрекүсті безінің милық
затының қызметіне ұқсас.