Қанмен қамтамасыздануы және нервтенуі. Қалқанша безбен бірдей.
Айрыша без. Айырша без (thymus) үш жұп желбезек қалташаларынан дамып, (басымырақ екіншісі
арқылы), омыртқалылар эволюциясында біршама ертерек пайда болады. Бұл без алдыңғы
көкірекаралықтың жоғарғы аймағында, тікелей төс сүйектің артында орналасқан.
Тимустың төменгі ұштары кеуде торының жоғарғы тесігінен шығып тұруы мүмкін, ал
жоғарғы ұштары жиі жүрекқапқа дейін жетіп өкпеқапаралықтың жоғарғы үшбұрышына
жайғасатын екі (оң және сол) бөліктен (lobus dexter et sinister) тұрады. Бездің көлемі
адамда өмір бойы бірдей емес: оның салмағы орташа есеппен: жаңа туған балада – 12гр,
14-15 жаста – 10гр шамасында, 25- жаста – 25 гр, ал 60 жаста – 15 гр-ға жақын болады.
Басқаша айтқанда, айырша без ең үлкен дамуына жыныстық толу кезеңі басталғанда
жетіп, сонан соң біртіндеп кері дами бастайды.
Қызметі. Айырша без иммундық үрдісте өте зор роль атқарады. Сонымен қатар
оның гормондары жыныстық толу кезеңі басталғанға дейін жыныс бездерінің қызметін
тежейді, остеосинтезді реттейді және т.б. Оның толысқан шақта толығымен сақталуы
ағзада лимфа тәрізді элементтердің көбеюіне әкеледі, ол өз ретінде жыныс бездердің
337
кішіреюіне (гипоплазия) себепші болады, клиникада бұл үрдіс status thymicolymphaticus
деп аталады.