Қанмен қамтамасыздануы
. Төменгі қалқанша артериясы мен кеуденің ішкі
артериясы тармақтары арқылы.
Веналық ағым.
Иық – бас венасына, кеуденің ішкі венасына, төменгі қалқанша
венаға.
Нервтенуі.
Симпатикалық сабаудың мойын бөлігінің түйіндері, кезбе нерв (Х- жұп)
тарсмақтары және мойын жұлын нервтері.
Гипофиз
Гипофиз (hypоphysis, glandula pituitria), Омыртқалылар мен адамдарда гипофиз екі
негізден дамиды: ауыз қуысының қойнауының жұтқыншақтық қалтасының томпаюынан
және аралық мидың өсіндісінен (құймасынан). Адамда, гипофиз, шағын (мөлшері 10х15х5
мм, салмағы 0,3 – 0,7 гр), қызғылт түсті, түрік ертоқымының гипофиз шұңқырында
орналасқан, құйма және сұр төмпемен кішкентай аяқшамен байланысқан сопақша пішінді
дене. Гипофиздің екі бөлігін ажыратады: алдыңғы – аденогипофиз (lobus anterior
adenohypophysis) – бездік (ауыз қойнауының эктодермасының туындысы) және артқы -
нейрогипофиз (neurohypophysis) – нейроглийдің туындысы. Құрылымдық және қызметтік
ерекшеліктеріне сәйкес алдыңғы үлестің төмпелік, аралық және дистальді бөліктерін
ажыратады.
Қызметі.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі дененің өсуі мен дамуын реттейтін
(соматотропты), жыныс бездерінің (гонадотропты), қалқанша бездің (тиреотропты),
бүйрекүсті бездің қыртысының және басқалардың қызметтерін күшейтетін гормондар
өндіріп шығарады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметін өз ретінде аралық мидың
нейрогормондары реттейді. Артқы бөлігі бірыңғай салалы бұлшықеттердің жұмысын
күшейтеді. (жатыр, тамырлар ж.б.) және бүйректегі су реабсорбциясына (сіңіру) әсер
етеді. Аралық бөлігі терінің түсін реттейтін гормон бөліп шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |