335
Қаралып отырған бездердің шығаратын түтіктері болмайды және гормондары
тікелей қанға түседі. Бұл бездер омыртқалыларда нерв жүйесінің қызметімен біргіп
жұмыс жасайды, содан ішкі секреция ағзалары деп аталады.
Адамдарда эндокринді бездерге келесілер жатады: қалқанша без, қалқанша маңы безі,
гипофиз, томпақ дене, айрыша без, бүйрек үсті бездері және кейбір түзілістер. Бұлардың
бәрі эволюция ағымында әр түрлі уақытта организмнің әр жерінде және бірнеше
құрымлардан пайда болған. Осыларға байланысты ағзалардың орналасуы, көлемдері,
пішіндері, құрылысы және қызметтері де сан алуан.
Қалқанша безі.
Қалқанша без (glandula thyroidea) төменгі сатылы хордалыларда түтігі бар без
ретінде қызмет етеді. Омыртқалыларда, адамдарда, бұл без эндокринді безге айналады
(желбезек аппаратының туындысынан дамиды). Адамдарда қалқанша без эндокринді
бездер ішіндегі ең ірісі , оның салмағы ересек адамдарда - 30-60 гр. Ол мойынның
алдыңғы аймағында кеңірдек пен көмейдің жоғарғы бөлігінің алдыңғы-латеральді бетінде
орналасқан. Бір – бірімен қылқа (isthmus gl.thyroidea) арқылы қосылған, оң және сол
бөліктерден (lobus dexter et sinister) тұрады. 30% шамасында қылтадан жоғары қарай
пирамида тәрізді өсінді шығады (қалқан-тіл түтігінің қалдығы). Безді алдынан тері, тіл
асты сүйегінің астындағы бұлшықеттер, бездің фиброзды қапшығы (capsula fibrosa) және
кеңірдек пен көмейге бекитін мойын іші шандыры жабады. Қалқанша бездің әр үлесінің
артқы беті жалпы ұйқы артериясына, жұтқыншақтың төменгі және өңештің жоғарғы
бөліктеріне жанасқан. Өңешпен кеңірдек арасындағы жүлге арқылы төменгі көмей нерві
өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: