11
аяқталуы көрсетілген. Бір-бірінен жеке сүейктенетін (біріншілік, екіншілік сүйектену
нүктелері) сүйектер бөліктері аралықтарында организмнің өсіп-жетілу кезеңі (18-22
жастар) біткенге дейін дәнекертінді қабаттарында, эпифизарлық шеміршектер
сақталады. Осы шеміршектер арқылы сүйектердің ары қарай бойының өсуі қамтамасыз
етіледі, ал сүйектердің қалыңдауы мен көлемінің үлкеюі негізінен сүйекқабымен
байланысты.
Сыртқы (әртүрлі аурулар, өмір жағдайы, тамақтану талғамы және ж.б.) және ішкі
(тұқым қуалау) факторларға байланысты сүйектену үрдісі өте тұрақсыз болады. Ауыр
созылмалы ауруларда (туберкулез және т.б.), сонымен қатар, жайсыз гигиеналық
жағдайларда және организмге кейбір витаминдер мен микроэлементтердің жеткіліксіз
түсуінде қаңқаның сүйектенуі баяулайды. Физикалық жүктеменің де сүйектену
қарқынына тигізер әсері көп. Бөлшектелген дене шынықтырумен айналысу қаңқаның
сүйектенуі мен өсуін ынталандырады.
Сүйектену мерзімінің күрт ауытқуы эндофиндік жүйе ағзалары қызметтерінің
бұзылуы салдарынан көбірек байқалады. Сүйектену қарқынында азды-көпті жыныстық
ерекшеліктер де орнын тапқан. Мысалы, қыздарда қаңқаның қалыптасуы, ер балаларға
қарағанда жеделірек өтеді. Қыздардың жыныстық пісіп-жетілуінің ұлдармен
салыстырғанда ертерек басталуы осымен түсіндіріледі. Организмде анық байқалатын
ауытқулар болмаған жағдайда, сүйектену нүктелерінің сипаттары (саны, көлемдері т.б.)
және қаңқа эпифиздерінің синостозданулары организмнің биологиялық жетілу деңгейі
мен сүйектік жас шамасын анықтаудың маңызды диагностикалық көрсеткіші болып
табылады. Бұл мәселе, балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы динамикасы
зерттейтін санитарлық дәрігерлер үшін өте қажет. Сүйектердің көлеміне, пішініне және
құрылымына тұлғалардың айналысатын кәсіптері үлкен әсерін тигізеді. Адам қаңқасын
омыртқа бағанасы, кеуде торы, бассүйек, қол-аяқ сүйектері деп ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: