Санжар Мырзағалым – өнертапқыш. 2014 жылы Санжар Мырзағалым және оның курстастары
EcoSocket технологиясы шеңберінде – электр қуатын
үнемдеуге жағдай жасайтын розетка әзірлеу бойынша
жұмыс істей бастады. Бұл стартап Орталық және Оңтүстік-
Шығыс Азия өнертапқыштарына арналған Echelon Asia
Summit 2015 – ірі технологиялық конференциясында ең
үздік ондыққа кірді. Қазір Мырзағалым, өзінің балғын
жасына
қарамастан
Microsoft
Kazakhstanда
ірі
лауазымдардың біріне ие.
Әзірлемелер кез келген ауданды, оның шаршы метріне,
түріне және салынған жылына қарамастан ақылды үй деп
аталатын құрылысқа айналдыруға мүмкіндік береді.
Тұрмыстық техника дүкенінен EcoSocket сатып алу
жеткілікті. Жас жаңалық ашушылардың жобасы бойынша
осындай құрылғылардың бірін техниканың бір бірлігіне
қосуға болады, бірақ әзірлеушілер ең өнертапқыш
қолданушылардың тәжірибесінде Экосокетті үшбөлімді
розеткаға немесе ұзартқышқа қосу арқылы бірнеше аспапты
қосқан жағдайлар болғанын және олардың бәрі смартфон
арқылы басқарылғанын айтады.
Жүйенің әр қолданушысы аспаптардың электр қуатын
қаншалықты тұтынатынын өзінің смартфонынан бақылай
алады. Әзірлеме сонымен қатар, жеке параметрлерді
дәлдеуге мүмкіндік береді, яғни арнайы дәлдегішке өз
тарифін енгізуге болады және бағдарлама осы сәтте сіздің
қанша ақшаны тектен-текке жұмсайтыныңызды санап
береді. Бұл Айти әзірлеменің талдау қабілеті қоршаған
ортаны сақтауғы бағытталған Жасыл жобаға айналдырады.