67
хормен орындау немесе «қара жорға» биін билеуді дәстүрге айналдырса
мектептің патриоттық деңгейі жоғары болады деп сенеміз.
Мектеп қабырғасына электронды кітапхана орнату.
Мектеп қабырғасына электронды кітапхана орнатудың пайдасы зор.
Мектеп әкімшілігі жасөспірімдерді елжандылыққа тәрбиелейтін көркем
әдебиеттерді іріктеп электронды кітапхана әзірлегені дұрыс. Бұл кітапхананы
оқушыларға ыңғайлы мектептің дәлізіне орнатуды ұсынамыз. Оқушылар
өздеріне қажетті әдебиетті жүктеп алып оқитын болады. Электронды кітапхана
уақытты үнемдейді, әрі барша оқырманға қол жетімді болады.
Ұлттық мазмұнда спорттық алаңқай орнату. Күбі, келсап, диірмен т.б.
Оқушылардың бос уақытын, қоңырауын тиімді өткізуге арналған
спорттық алаңқайларға ұлттық сипат бере аламыз. Бұл үшін жаттығу
снарядтарын күбі, диірмен, келсап түрінде жасауды ұсынамыз. Оқушылар күбі,
келсап, диірмен
механизмдері бойынша жасалған снарядтарда салауатты өмір
салтын қалыптастырып қана қоймай, ұлттық дастархан мәзірінін қаншалықты
күшпен жасалатынын айтпасақ та түсінеді. Оқушыларды қызықтыру,
ынталандыру мақсатында мектептегі «Денсаулық күні» мерекесінде диірменді
айналдыру, күбіні пісу, келсапты түю сияқты спорт түрінен жарыстар өткізуді
ұсынамыз.
Оқу жылында белсенділік көрсеткен оқушыларды марапаттау.
Оқу жылының соңында «Туған жер» бағытындағы іс-шараларға белсенді
қатысқан оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді мақтау қағазы, алғыс хат,
естелік сыйлықтармен марапаттауды ұсынамыз. Бұл шара өлкетану
жұмыстарының бұқаралық сипат алуына зор ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: