Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет41/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115
Сарбаздар маршы.
 
Қырандай түлеп ұшқан арманымыз
 
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.
 
Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
 
Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.
 
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
 


74 
 
Қанаты талмайтын, жас қыран.
 
Жастықтың жігері бойында,
 
Өзендей күші бар тасыған.
 
Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,
 
Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.
 
Дұшпанға қатал болған, досқа берік,
 
Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.
 
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
 
Қанаты талмайтын, жас қыран.
 
Жастықтың жігері бойында,
 
Өзендей күші бар тасыған.
 
Қара жер қаны сіңген бабалардың
 
Қорғауға шақырады балаларын.
 
Сапқа тұр, сарбаздары туған елдің,
 
Қиынға қайыспайтын қара нарым.
 
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
 
Қанаты талмайтын, жас қыран.
 
Жастықтың жігері бойында.
 
Клуб  мүшелері  мектептегі  салтанатты  сап  түзеу  шарасында  клуб 
маршын  орындайды.  Мектептегі  қосымша  білім  беру  үйірмелері  арқылы 
патриоттық тәрбиені түрлендіріп, қызықты етіп ұйымдастыруға болады. 
Тұңғыш 
Президентіміздің 
бастамасымен 
құрылған 
еліміздің 
оқушыларын біріктіретін «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы да ел 
болашағына бүгіннен өз үлесін қосуға дайын. 
   Мектептегі  «Жас  ұлан»  республикалық  балалар  мен  жасөспірімдер 
ұйымы  қатарына  қабылдану  рәсімі  де  оқушыға  патриоттық  рух  сыйлайды.  
Ұйымның маршы егемен ел жетістігін мақтан ететін асқақ рух пен жігерге толы 
жыр.  
Сонымен  қатар,    әрбір  сыныпқа  атау  мен  бір  шумақтан  тұратын  ұрансөз 
беру  де  оң  нәтиже  береді.  Әрбір  оқушы  сыныпқа  есімі  берілген  қазақстандық 
қаһарманның ерлік ісін мақтан етіп, жырға қосып шырқайды. Бұл Отанға адал 
қызмет етуге, ерлік пен достыққа шақыруы тиіс.  Мәселен, 
 
Сынып аты  
 Отан 
Ұраны:        
 
Кең жазық Отан мекенім,  
Сен де өсіп көктедім  
Сені қорғау парызым,  
Мұны біліп өтемін.
 
Сынып аты  
Қазақстан 
Ұраны:        
 
Отаным менің Қазақстан. 
Атыңнан сенің айналам 
Бас иіп саған өтемін 
Жасай бер жаса Қазақстан!...
 
Балалар  ұйымы  арқылы  патриоттық  тәрбиені  түрлендіріп,  қызықты  етіп 
ұйымдастыруға болады. 
- ҰОС ардагерлеріне арналған концерттер; 
- музейге экскурсиялар; 


75 
 
- өлкетану конференциялары; 
- өлкетану бойынша материалдарды жинақтау; 
- әскери-спорттық жиындарға қатысу; 
- акцияларға қатысу; 
- әшекейленген гүл тізбегін (гирляндаларды) даңқ мемориалдарына қою. 
Бұл  шараларға  ұйымды  белсене  қатыстырып  Отанды  қорғау,  рәміздерді 
құрметтеу, құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелейміз.  
Мектептегі «Жас ұлан» оқушылар ұйымы арқылы өлкетану жұмыстарын 
кең  масташбта  жүргізуге  болады.  Құрамы    ұйым  жетекшісі,  мектеп  ұланбасы, 
топ 
ұланбасы, 
сынып 
ұланбасы 
деген 
мектеп 
белсенділерінен 
жасақталған.Ұйымның  еңбек,  білім,  тәрбие,  денсаулық,  ақпарат  министрі  деп 
аталатын  белсенділері  әрбір  сыныптан  еріктілер  жинайды.  Осылайша  
оқушылар  ұйымы  мектептегі  барлық  оқушыларды  қамтиды.  Ұйымның, 
бекітілген өзіндік  міндеттеріне, жарғысына  өлкетанулық  жұмыстар  қайшылық 
тудырмайды.  Керісінше  өлкетанулық  жұмыстар  оқушылар  ұйымының 
«Экоәлем»,  «Руханият»,  «Отан»,  «Еңбек»,  «Салауат»  бағыттарымен  үндеседі 
Бұдан ары өлкетану жұмыстарын жоспарлау міндеті шығады.   
10-кесте. Бағыттар бойынша тапсырмаларына назар аударыңыз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет