79
Сайыс мақсаты талантты оқушыларды анықтау, өз туған жер тарихына
деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық
белсенділіктерін қалыптастыру, жас ұрпақтың потриоттық және азаматтық
сезімін дамыту, сонымен қатар өлкетану мен Қазақстан тарихынан білімдерін
дамыту, ұлттық өзін-өзі анықтау және туған жері үшін мақтанышын жетілдіру.
2. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылардың, экологтардың және
натуралистердің республикалық форумы.
Форумның мақсаты – мектеп оқушыларын экологиялық білімге және
табиғатты қорғау шараларына тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке
табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
3. «Үздік мектеп музей» республикалық және аймақтық байқаулар.
Мақсаты-мектеп музейлерін дамыту. Білім алушылардың «Кіші Отанға»
құрметін арттыру.
4.«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының
республикалық слеті.
Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық
сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін
жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
5. «Еуропа-Азия» республикалық туристік фестивалі.
Мақсаты жасөспірімдер арасында туризмді насихаттау, кәсіптік бағдар беру.
6. 5-10 сынып оқушылары арасында «Әулиеата жәдігерлері мен ұлттық
құндылықтары» интерактивті жарысы.
Аталған шаралар республика көлемінде оқушылардың қатысуымен
өткізіледі. Оқушылар белсенді қатысып өлкетанулық білімін көрсетеді.
Әртүрлі деңгейдегі осындай байқаулар білім алушылардың өлкетануға
деген
қызығушылығын
оятып,
оны
насихаттауға
белсенділігін
қалыптастырады. Заманауи технологияны, шет тілін жетік меңгерген оқушылар
білім беру ұйымдарында өлкетанулық білімін көрсетуге мүмкіндік жасау керек.
Оқушының өлкені насихаттауға, компьютерлік сауаттылығын көрсетуге
ынтасын арттырады. Бүгінгі қоғамда едәуір сұранысқа ие мамандықтарды
меңгеруге септігін тигізеді. Туризм саласын дамытуға алғашқы қадамдарын
жасайды. Өңірлерде саналы ұрпақ қалыптастыратын осындай жұмыстар
жүргізілуде.
Мектеп сайтынан «Туған жер» айдарын ашу арқылы білім алушылардың
патриоттық шығармаларын баршаға қолжетімді жасаймыз. Туған өлкесі мен
қасиетті нысандар туралы танымдық еңбектерін бірнеше тілде әзірлеп мектеп
сайтына орнату арқылы ортақ шығармашылық алаң қалыптасады. Білім
алушылар өз еңбектерін сайтқа жариялау арқылы оқырман тарапынан әділ
бағасын алады. Кері байланыс нәтижесінде шеберлігін шыңдайтыны анық.
Осы мақсатта мектеп сайтына мынадай инновациялық жобалар ашуға кеңес
береміз.
1. Bestvidеo Туған Өлке
туған өлкенің тарихи, мәдени құндылықтарын
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқу-тәрбие үрдісіне
енгізуге бағытталған «BestvidеoТуған Өлке»
Достарыңызбен бөлісу: